16:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

ГЕНИЙ ДЕГЕН КІМ?

Гений ол – білгіш, ақыл-білімі асқан, ойшыл, рухани әлемі бай, жаңашыл, жұрт мойындаған оқымысты дана, данышпан, кемеңгер адам.

 

ЖАҚСЫ ДОС ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Бала би (Бименбет Есенәліұлы):

Екі жақсы дос болса, біріне-бірі өш болмас,

Бақ қонбайтын жігітке іздегені дес болмас.

Бұлақсыз сай тасқынмен көл болмас,

Жаманның қанша айтқаны ем болмас, - деген екен.

Ал біз:

Жақсы дос – адалдық шуағын шашып тұрар, кең пейілді, кең ойлы – жазықсыз жаны бар, түзде жан қияр жолдас, үйде бөліп жер сыйлас, ойын бүкпейтін сырлас болады деп білеміз.

Жақсы дос қандай жағдайда болмасын асқан жігермен, қажымас қайратпен, қайыспас табандылықпен досын қорғауға дайын тұрады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: