09:15
Рухани-танымдық сүрлеулер

СҰҒАНАҚ, СУМАҚАЙ ДЕГЕН КІМ?

Сұғанақ ол – обыр.

Жымысқыланып, тіміскіленіп, жылпостана жылпылдай жүріп, құмша сусып, аумалы бұлттай, қолына түскенді қомағайлана қарпудан арылмай, кезбелі қаңбақтай, суқаны қашып жүретін адам. Сұғанақтықтан арылмаған сумақай адам, күннің ығына қарайс ығысатын көлеңкедей, өзінен-өзі зәре-құты қашып, шеттеп қаларын қаперіне алып, ұзатпай тура жолды таңдағаны – келешегіне, ұрпақтарына оң әсер беріп, даңғыл жол ашыларын ұқса қандай ғанибет.

 

МӘҢГҮРТ ДЕГЕН КІМ?

Мәңгүрт – ол кеудесіне жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті, ақылы кем, алыс пен жақынды, пайда мен зиянды ажырата алмайтын, өз анасын дұшпан санайтын, жадынан айрылған миғұла, жарымес, топас, есуас, мүскін-пенде. Мәңгүрт деген – тарихи жады өшкен, адамгершілік қасиеттері жойылған, салт-дәстүрден ада ұлтсызданған адам. Яғни, мәңгүрт ол – өзінің ұлттық тарихи тамырынан ажыраған адам. Жадынан айрылған адам тек өзінің қожайынын ғана білетін халге жетеді. Жад басқарылып, біреулердің ойы ғана іске асырылады. Қожайынның үстемдігімен өмір кешеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: