11:37
Рухани-танымдық сүрлеулер

МЕЙІРІМДІЛІК ДЕГЕН НЕ?

Мейірім – мереіңді өсіреді.

Мейірімді болуды мейірлі пейіл, қайырымды көңіл, ыстық ықылас дейтін болсақ, мейірімділік – ол қайырымдылық, мейірбандылық, рақымдылық. Ол дегеніміз + адамдардың бір-біріне қамқорлығын арттырар күш, яғни, басқаның игілігі үшін қамқорлық танытуы. Ол – адамның жан саулығы мен денсаулығын нығайтар, тіршілікті тірілтер баға жетпес дәрумен.

Мейірімділік – адамдықтың айнасы, ең қасиетті сезім, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірімділік қарым-қатынастан бөлек, жануарлар мен табиғатпен де байланысты болады.

Мейірімді болу деген сөз – өзіңмен қатар, өзгенің қамын ойлау, қоршаған ортаға алаң болу, рақымшылық пен қайырымдылықты, аяушылықты жоғалтпау. Оған ықтиятты, бекем болу. Мейірімді адам, мұқтаждықты сезсе, мүмкіндігін қарастырып, шын жүрегінен қол ұшын беруге дайын тұратын адам.

Мейірімсіз, тәкаппарланған ойсыз таяз тобырдан, сүлейлерден қиын кезде ақыл да шықпайды, олардан ешкім де опа таппайды.

Ондайлар қиыншылық түссе өз бастарын ғана қорғап, сытылу жолын іздеп сырттайды. Ондайлар өзгеден де мейірім күтпейді, тек өз жайларын күйттейді. Қазақ: «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген.

Дүниедегі барлық нәрсе мейірімнен жаралған. Соны ескеріп, әрбір ата-ана бала тәрбиесіндегі басты құндылық мейірімділік, бір-біріне деген сезім, қайырым, кісіліктен жаңылмау, жақсылықтарын жоғалтпау екендігін ұмытпаса.

Баланың үлкені-кішісіне қамқорлығын аямай, жыласа – жұбатса, құласа – тұрғызса, қолындағы барымен – бөліссе, әрекеттерімен – келіссе, бауырмал, мейірім-шапағатқа бөленіп, бір-біріне үйірсек болып өседі.

Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытып тұрған ең басты құндылық екенін әркім біліп жүрсе.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: