11:15
Рухани-танымдық сүрлеулер

Халқымыздың бұрыннан келе жатқан тәрбиелік сөздерінің біразы мынандай:

Ымыртта, әсіресе қыздың тұрағы күңгірт тартпау керек деген адал ырыммен үйдің жарығы жанып тұрғаны дұрыс болатынын біл.

* * *

Жолға шыққанда артыңа қайырылып қарамауға, ұмыт қалдырғаның болса, оны алуға қайтып айналып соқпауға тырыс.

* * *

Ортада ерсі көрінер, адамға тән емес жат, жексұрын, жаман әдеттерді кезінде тежей біліп, шектеудің амалын жасамаса, үйреншікті ауруға айналып, қалыптасып, созылмалы аурудай емдеуі қиынға түсерін білген адам қателеспейді. Опық жемейді.

* * *

Бұрынғылардан «Ойыннан өрт шығады» деген сөз тегін айтылмаған. Ойын ойнағанда да, жауласу, атысу, ұрысу, төбелесу, алдап-арбау тағы басқадай теріс ойындар жаман ырым екені ойда болған жөн. Мысалға, елге қайғы, көзге жас әкелетін соғыс жақсы ма? Әрине, жаман. Она «соғыс» ойыны ойналмау керек. Тағы сол сияқты...

* * *

Көшіп-қонып жүретін үйдің отыны көшке артылып жүретінін біл.

* * *

Жақсының көңілін қалдырма.

* * *

Адамның еңбегін жеме. Шыншыл бол.

* * *

Шошынған жағдайда, түнде «бисмилла» деп айтып жүретін бол.

* * *

Қандай жағдай болмасын құдайдан қорық.

* * *

Алланы аузыңнан тастама! Денсаулық, амандық тіле.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: