14:27
Рухани-танымдық сүрлеулер

Халқымыздың бұрыннан келе жатқан тәрбиелік сөздерінің біразы мынандай:

Алма жемісін артығымен сақтап, әдемі ыдыстарға салып қойған үйде алманың хош иісі жақсы энергиямен тыныстағандықтан қайғы болмайды деген наным бар.

* * *

Түйреуіш сырт көздің қаһарынан қорғап, жағымсыз энергияның жолын кеседі. Бір-біріне қарама-қарсы ілінген түйреуіштер тіл-көздің айналып шығып кетуіне көмектеседі екен.

* * *

Адамдар бір-бірінен көңілдері қалғанда, ашуға басып, дауыс көтерісіп ұрсысады. Ұрысу кезінде жүректер тітіркеніп, бір-бірінен алыстай бастайды. Мұндай жағдайда ғашықтар жүректерді алыстатпау үшін араны алыстатар сөздер айтпау керек. Дауласқан жағдайда қайтып жақындасуға жол қалмайтындай деңгейден асырмаған жөн.

* * *

Барға – тәубе, жоққа – сабыр, ауырға – төзім, жетістікке – шүкір ет.

* * *

Ескі-құсқы заттарды жинай беру дұрыс болмайды. Олардан ертерек құтылсаң, жағымсыз энергиялардан да құтыласың.

* * *

Жасанды гүлдер мен жануарлар бейнесін ұдайы сүртіп, таза ұстап тұрмаған болсаң, олардың адамға кері әсері боларын ұмытушы болма.

* * *

Сарымсақты тізбектеп іліп қойған үйдің отбасы мүшелерінің денсаулықтарының жақсарып, ұрыс-керістің болуынан сақтап, оларға әсер етер жағымсыз энергияларға қалқан бола алады екен.

* * *

Алыс жолдан оралғанда, балаларға базарлық сыйлау жақсы әдет екенін біліп жүр, ал жаңа киім киген сыйласыңа, мұңдасыңа, жолдасыңа байғазы беруді ұмытпайтын бол, жаңа туған нәрестеге көрімдік беру, қаныңа сіңсін, қасыңа жаңа көрші қоныстанса, ерулік беруді ұмытпа.

* * *

Болашақ ұрпақ мәселесін терең түсінген бабалар, тұқым сау, қан таза, болашақ жарқын болуды көздеп, жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұл қағиданы қолдап, жадымызда сақтағанымыз жөн болады.

* * *

Ара балы шуақты күндер сыйлап, адамдар арасындағы қатынастарды жақсартып, бауырмалдықтың артуына көмектеседі. Үйінде балды мол сақтаған үйдің берекесі артып, қонақ арылмайды.

* * *

Үлкенге бірінші болып сәлем бер, жаңалықпен қуантқанға сүйінші беруді ұмытпа, қандай да бір қуанышқа шашуыңды шаш, қимасыңа соғымнан сыбаға сақтау ойыңда болсын, егін жинау кезінде қырманыңа келгенге кеусен ұсынсаң, берекең артарын біл, бай-бақуатты болсаң, төлден көгендік бергенің көрегендік болары ойыңда болсын.

* * *

Сынған айнаны ұстама. Сынық үйді қорғайтын энергия көздеріне кері әсер етерін ұмытпау керек.

* * *

Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы – адамгершілігі мен білім, қабілетінде.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: