12:41
Рухани-танымдық сүрлеулер

Халқымыздың бұрыннан келе жатқан тәрбиелік сөздерінің біразы мынандай:

Іштар, күншіл адамға сырыңды аша берме. Ондайлар күліп кіріп, күңіреніп шығып, берекеңді қашыруды мақсат ететінін ұмытпа.

* * *

Ұлды бөтен үйден тойдырмаған жөн, қызды бөтен үйге қондырмаған жөн.

* * *

Біреудің дене кемістігіне сұқтана қарауға болмайды.

* * *

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген бабалар өсиеті есте болса!

* * *

Жамалған, жыртық киім жетіскендіктен киілмейді. Жоқшылық болған соң солай етуге мәжбүрліктен киеді. Сондықтан да шұрық-тесік шалбар кию деген өзіңе жамандық шақыру екенін біліп жүр.

* * *

Тізесін құшақтаған «Қу тіземді құшақтап, ұрпақсыз қалдым» деген жаман ырым саналады.

* * *

Айдың тоғысында көшпе, сапарға шықпа, үй тікпе, желі тартпа, қыз ұзатпа.

* * *

Сәуір-мамыр айлары төрт түліктің, жан-жануардың жас төл өргізетін айы болғандықтан аңшылар құралай айы атайды. Төл үстінде пышақ қайралмайды. Құралай жолы әрқашан ашық, оны қадірлеу керек.

* * *

Екі қолды мықынға қойып, белді таяну, қайғы-қасірет шақырудың нышаны.

* * *

Ал қара жамылғы – қасірет шегу, қайғыру белгісі. Жаман ырым. Қайғы-қасіретті адам ғана екі қолды төбеге қойып отырады.

* * *

Біреуге ор қазушы болма, өзің түсіп қаласың.

* * *

Өсер жастың алдын кеспе, өсер ағаштың басын кеспе.

* * *

Байқаусызда сүрініп, құлап қалған болсаң, құлаған жеріңе бір түкір де жүріп кет. Бұрынғылар: «Аяқтан тартқан пәлекетке түкіріп кетсең жазымнан қағады» деген.

* * *

Хайуанаттарды қорлама, жәндікті қырма, аңды өлтірме.

* * *

Еден жуғанда табалдырықты қолмен жу. Кірдің суын көрінген жерге төгуші болма.

* * *

Ырыс-несібем кетпесін десең, жуған қолыңды сілкуші болма.

* * *

Адамға тән жақсы қасиет – әдептіліктен бастау алады. Соны біл.

* * *

Үй қабырғасына аттың тағасын қағып қою үй тұрғындарына сәттілік пен тыныштық орнап, дұрыс жолмен жүрулеріне көмектесер деген ырымнан туындаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: