09:51
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Төрт түлігімізді сатқанда немесе сыйға бергенде бас-жібі берілмеу керек. Ең ақыры, бүркіттің томағасын да, иттің қарғы бауын да алып қалу дұрыс саналады.

* * *

Тамақ шайнап үйге кіруші болма.

Аузыңдағыны далаға түкіріп кететін бол.

* * *

Үйден тамақ шайнап шыққан жақсы ырым.

* * *

Үйге қонақ келсе, есікті үй иесі ашуы тиіс, ал шығарда есікті қонақтың өзі ашқаны жөн.

* * *

Аспанға, адамның бетіне түкіру де жаман ырымның бірі.

* * *

Төсек тартып жатқан науқастың көңілін сұрай келгенде, аяқ жағында отырып қайтатын салт бар. Аурудың бас жағында отыру – халінің нашарлағанының белгісі болады.

* * *

Бас киіміңді бөтен адамға ауыстырушы болма, ол жаман ырым.

* * *

Бұрынғы қазақтардан барымта, жорық кезінде сөзді өзгертіп айту ырымы болған. Мысалы, «аттан түс» дегенді – «қон», «байла» деген сөзді «бекіт», «саптыаяқ» сөзін «жолаяқ» тағы басқа да сөздердің мағынасы түсінікті сөздермен алмастырып ырымдаған. Өлең айтуға тыйым салған.

* * *

Егіннің шығымын анықтау үшін дихандар көктемде құмырсқа илеуіне үш тал ши шаншыған. Оның бірі ұзын – ол кеуде қағар, екіншісі одан қысқалау – кіндіктен аспас, үшіншісі қысқа – тізеден келер.

Құмырсқа кеуде қағар шидің басына шығып аялдаса – егін бітік болмақ, екінші шиге аялдаса – өнім орташа, тізе қағарда аялдаса – егін шығымы аз боларын біліп ырымдаған.

* * *

Қазақ ырымы: досыңа пышақ берме, суысасың; қайрақ берме, қажасасың; қамшы берме, таласасың деген.

* * *

Ата-бабалардан қалған төмендегідей амалдарды істеу күнә болғандықтан, олардан әркімнің де сақтануын талап етіп отырған. Олардың бастылары:

нақақтан қан төгу;

біреуді мертіктіріп, мүгедек ету, бетінен ұру;

хайуандарды азаптау;

мал біткенді теуіп, балағаттау;

ұрлыққа бару, тонау;

өлшегенде таразыдан жеу;

қарызды қайтармау;

аманатқа қиянат жасау, біреудің құпиясын жариялау,

жетім-жесірдің ақысын жеу;

іштегі баланы қасақана тастау;

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: