10:15
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Қайтыс болған адамның мініс атын жылын бергенге дейін иесінен тұл қалғандығының белгісі ретінде кекілі мен құйрығын шорт кесіп, келесі жылға дейін мінбестен семіртіп, иесінің асында сояды.

* * *

Қайтыс болған адамның асы аяқталған соң, қаралы жыл өтті, азалы күндер бітті дегеннің белгісі ретінде, тігілген қараны алып сұлатып, табанға басып, сындырады, қаралы теңді бұздырады.

* * *

Адамның оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады деген түсінік қалыптасқан. Үйіңде және жеке басыңда береке дару үшін, жолға шыққанда, үйге, қасиетті орындарға оң аяқпен кіріп, жаңа іс бастарда «бисмилла» айтып, киімді де оң жақтан киіп, сол жақтан шешеді.

* * *

Адамдар қол жуғанда сүлгіге сүртпестен қолдарын сілкіген жағдайда, шашыраған әр тамшыдан ібілістің балалары пайда болады екен. Олардың көбеймеуі үшін, жуған соң қолды сілікпестен сүртіп жүр.

* * *

Тырнақты тістеу – кәсібіңнің құты мен берекесін үркітер жаман, жағымсыз әдет. Ондай әдеттен арылмағандардың төккен тері мен есіл еңбегі зая кете береді.

* * *

Егіз туған сиырдың төлінің егізін малданбастан, балалар жарысын өткізіп, сыңарын сыйға беріп жіберу ырымы қазақтарда қалыптасқан.

* * *

Асты оң қолмен алып жеу керек.

* * *

Аяқты көкке қаратып көтеріп жату – жағымсыз қылық. Көкке аяқ созу – «Аяғың аспаннан келеді» дегенмен барабар әрекет деп білген.

* * *

Әйелдер мен сүндетке отырғызылмаған балалар мал бауыздаса, ол мал арам болып саналатындықтан, оларға мал бауыздатпайды.

* * *

Маңдай алдынан өрмекші түссе, сағынған адамы келмек.

* * *

Түйені кендірмен байламайды, жыңғылмен айдамайды.

* * *

Жемісті тазалап жуып немесе қабығын аршып жейтін бол.

* * *

Бұрынғылардан қалған ырымның бірі – екіқабат әйел аруақты үйдің уығына шүберек байлап, ырымы үшін зат не мал әкелетін болған. Ол ырым босағаға ақтық байлау деп аталған.

* * *

Өз жылқың табынды, өрісті өгейсіп шеттей беретін болса, бір тал жалын жұлып алып, сілекейлеп, қалтаға салып қойып – сілекейлеу ырымын жасау керек екен.

* * *

Біреуге киімді садақаға берер болсаң, бір түймесін, не бауын алып қалсаң дұрыс болатын көрінеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: