21:38 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ұлыстың ұлы күні – Наурызға байланысты ырымдарды да білгенің артық болмас: Мереке күні мал сойып, пышақ қандау – өркендеу, жасампаздық идеяларына қайшы келетіндіктен, мал бауыздауға тыйым салынады;
Наурыз көжеге қосылатын жетіден кем емес тақ санды дәмдер – береке, бірлік нығая берсін деген идеядан туындағаны есте болсын. Наурызды тойлайтын мұсылмандарға Ғайып-Ерен, қырық шілтен, абрар деп аталатын жеті әулие тобы ерекше. Яғни, наурыз көжедегі жеті дәм де, сол жеті әулиені пір тұту жатыр деген жорамал да бар;
Наурызды тойлау – ата-баба жолын дәріптеу, руішілк, руаралық қатынастарды реттеу, ел бірлігі мен олардың тұтастығын сақтау мақсаты көзделіп, табиғатпен «тіл табысу», оны қасиет тұту, адамдар арасындағы шынайы қатынастарды реттеу көзделген. * * * Үйге енгелі тұрған құт-берекені сәулесі арқылы кейін қайтарады деген сеніммен айнаны есіктің кірер аузына бағыттап ілуге болмайды деген де ырым бар. * * * Адам өлімі кезінде айнаның бетін жауып қоюдың тағы бір себебі – айна о дүниеге есік ашатын қақпа тәрізді болғандықтан, сол арқылы үйге жын-шайтан кіріп кетпеуді көздеу екен. * * * Айна жағымсыз оқиғалар мен науқас адамның күйін «жадына» жазып, сақтар қасиетке ие дегендіктен, өлген адамның жаны айна арқылы кері қайтып келмес үшін кісі қаза тапқанда айнаның бетін жауып қояды. * * * Жолда алдыңды тарғыл не жүндерінің түсі ең кемі үш түрлі түсті мысық кесіп өтсе, қорқатын ештеңе жоқ, өмірің бақытқа келерін біл. * * * Мұсылман қауымда Құдайдан: «шын көңілден тілегімді бере гөр!» деген ниет ұстап, белбеуін мойнына бос салып жалбарынып, үйге сол жақ тізесін сипап кіретін ырым бар. * * * Кешкі апақ-сапақта, бейуақта, екі кеш арасы, ымырт, қызыл іңір кезінде ұйықтауға, жылауға, шу шығаруға тыйым салынған. * * * Тұрғын үй құрылысын жаңадан бастаған кезде, байлық мол болу үшін – әр бұрышына ақша, жылы болу үшін – жүн салып, іргетас қалау ырымы бар. * * * Таза су ішсең көбірек ағза біткен жанданар. Ширатар бүкіл денеңді, судан артық қайда бар?! * * * Көз тимес үшін сол иықтан асып түкіретін ырым да ойда жүрсін. Себебі сол иықта мысқылшыл сайтан күзетіп отырады екен. * * * Шалбарды, ішкиімді отырып кию керек. Тұрып киюге болмайды. * * * Шалбар мен төменгі ішкиімдерді жастық орнына басқа жастанып жатуға болмайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |