10:56
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Көйлекті теріс киіп алу – таяқ жейтіннің белгісі. Ал артын алдына қаратып кию – таныстыққа апару белгісі.

* * *

Денсаулықтан айрылмайын десең, ешкімге сол қолыңмен ештеңе берме.

* * *

Сол алақан қышыса – шығын, оң алақан қышыса – табыс келер.

* * *

Үйдегі бос шыны ыдыстар – банка, жәшіктер үйге келген кірісті тартып әкетері ойыңда болсын. Оларды бос қалдырмай ішіне дән немесе тиындар тастап қой. Үстел үстінде бос шыны ыдыс қалмасын.

* * *

Ұлыстың ұлы күні – Наурызға байланысты ырымдарды да білгенің артық болмас:

Наурыз күні Қыдыр атаның назары ақ құйылған, дән толы ыдысқа түссе, мал төлді болып, егін бітік болар деген;

 

Қыдыр түні ыдысты дәнге, таза бұлақ суына толтырып қойса, тоқшылық, молшылық болуды күтуге болады;

 

Кетіліп, жарылып, сынған аяқтарды, шөмішті сындырып, ескі-құсқыны өртеп, тазарту – ескі күндерден қалған қиындықтар мен бәле-жаладан арылу, адамдардың қатынастарын реттеу, жаулыққа жол бермеу, жамандық біткеннен тазаланудың отпен аласталануы деп түсінген дұрыс;

 

Бірігіп, ағаш егу, көпір салып, өткел жасау – ізгілік болмақ;

 

Бұл күндері киелі істер саналған. Бұлақ көзін ашу, көкті жұлып, таптамау, ағашты кеспеу, ысырапқа жол бермеу, аңшылық, саятшылық жасамау сияқты табиғатты аялау жұмыстары есте болғаны жөн;

 

Шаш пен тырнақ алу, «ескімен алысқанның есі кетеді» деп, ескі киімдердің жыртығын жамауды, іс тігуді де жаман ырым санаған;

 

Жыл бойы үйіне тоқтамай, алыс сапарда болудың нышаны санап, бұл күні бөтен үйге қонуды дұрыс санамаған;

 

Жылап-сықтап, жүз шайысып, боқтасып, шайпау сөзге барып, басқа да жат қылық жасағандар жыл бойы жанжалдан құтылмайды деген сеніммен ондай әрекеттерге баруға жібермеген;

 

Бұл күні күндіз жатып ұйықтауға тыйым салынған. Төсек тартып жатқан науқастың өзі, мүмкіндігіне қарай, басын көтеріп, бір мезгіл болса да наурызды қарсы алып, көңіл көтеруі тиіс;

 

Төңіректің төрт бұрышына сүт шашу, жаманшылық атаулыны аластап, көшіру ырымы деп түсіну керек;

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: