10:54
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Ақшасыз қалғың келмесе:

- Әмияныңды тамақ ішетін үстел мен төсек үстіне қойма;

- Дүкеннен сауда жасағанда төлеуге тиісті ақшаны қолма-қол берместен, арнаулы табақшаға тастайтын бол;

- Үйдің қорғаны табалдырық. Оның бір жағында тұрып зат алмасуға, қол беруге болмайды. Табалдырықты басып тұрушы болма.

- Бұлыңғыр, бұлтты күндері үйден ештеңе шығармауға тырысқаның жөн;

- Қоқысты терезеден лақтырушы болма;

- ақшаны мыжып, умаждап ұстама, қыртысын жазып қой;

- Әмияныңда майда тиындарды көп ұстама, санама;

- Әмияныңда «5» цифрлы ақша ұстағаның дұрыс болады,

- Әжетхана унитазының қақпағы жабық болуын қадағала;

- Қарыз алуға да, қайтаруға да таңертеңгі уақыт ыңғайлы;

- Әмияныңның бос қалып жүрмейтін болсын;

- Үстел жапқыштың астына ақша сақтап жүру артық емес, ақшаны берерде тарелкаға салып оң қолмен бер де, сол қолмен ал;

- Күн батып кеткен соң, пысықтығың ұстап, үй тазалау, үй жинау, сыпырыну үйден бақытты қуып шығару. Мұндай жұмыстарды жүргізу ақшаны қашырып алатынын білетін бол. Ондай жұмыстарды таңертең немесе күндіз атқарған дұрыс болады.

* * *

Үйді сыпырғанда қолындағы ақша сыртқа сыпырылып кетпеу үшін, табалдырықтан бастап сыпыр. Ал еден жууды терезе жақтан бастап, табалдырыққа қарай жылжитын бол.

* * *

Қарыз алған ақшаңды ұтқызсаң жолың байланарын біл.

* * *

Үйіңде сыпырғы біреу болсын. Оны қолға ұстар жағын емес, сыпыратын жағын жоғары қаратып қоюды үйрен.

* * *

Қаражаттан қысылғың келмесе, гүл салғыш сауытқа солмаған қалампыр (гвоздика) гүлін бейсенбі күні әкеліп салып қоятын бол.

* * *

Үйден шығар алдында ештеңе тікпе, үйге қайтып оралма. Ұмытқаныңа қайтып келсең, жолдың оңғарылуы үшін, орындыққа отырып немесе айнаға қаранып алған соң ғана үйден қайта шығатын бол.

* * *

Қалтаңда үнемі ақша болу үшін, әмияныңды бос қалдырма. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырыс. Өзің емес, басқа адам санасын.

* * *

Шелегі не болмаса басқа зат құятын ыдысы тола адам кездессе алдын кесуші болма. Оны жақсылықтың нышанына жори бер.

* * *

Алдыңды ер адам кесіп өтсе – табыс күт, ал әйел кесіп өтпей-ақ қойсыншы...

* * *

Жол жүрер алдында қоқыс шығарушы болма.

* * *

Еденде жатқан түймені қолға алмаңыз, отырыста бокал ауыстырмаңыз, үстел үстінде бос бөтелке, түнге қарай пышақ қалмасын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: