23:37 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ең бастысы: аш болсаң да, тоқ болсаң да, Аллаға құлшылық ет! Құдайыңды ұмытпа! * * * Дүйсенбі, сейсенбі күндері қарызға ақша алма да, қарыз берме. Жұма күні қарызыңды қайтаруға дағдыланушы болма. * * * Қарыз алмауға тырыс. Керісінше, қарыз сұрағандардан қайтару қабілеті барлығына көз жеткізе тұрып, бас тартпаған жөн. * * * Алған қарызыңды кешке емес, таңертең қайтарғаның жөн болады. * * * Үйде жүріп ысқырушы болма. Ол жаман әдет, әдептілікке де жатпайды. Әрі бар ақшаң желге ұшып кетітін болады. * * * Қараңғылық түсе бастағанда ақша санама. Есептепе. Ақша беру керек болған жағдайда, ақшаны тікелей қолына берме, бөлек таста, алатын адам өзі көтеріп алатын болсын. * * * Күн батқан соң үйден басқа заттарды, дүниелерді айтпағанда, ең ақыры қоқысты да сыртқа шығармау керек. * * * Жұтаймын демесең кеш батқан соң үйіңнен ақша шығаруды доғар. Нан да, тұз да беруші болма. * * * Көзіңнің жасқа толмауын қаласаң, үстел үстінде майда ақша қалдырушы болма. * * * Үстелдің үстінде бос шөлмек, кілт, қолғап, тұмақ және басқа да заттарды қалдырмауға тырысатын бол. * * * Сол алақаның қышыса, ақша келерін күт, ал оң алақаның қышыса, ақшаның шығасы боларын күт. * * * Күмістен жасалған затты сыйға алған болсаң, бақыттың да бірге келетінін ұмытпа. * * * Ырысың кетпесін десең, жуған қолыңның суын сілкуші болма. * * * Қайғы-қасіреттен шаршаған адам, бетін екі қолымен басып отыратыны бар. Бұл – жамандық шақыратын ырымды жасамау керек. * * * Пышақтың жүзін жалауға болмайды. * * * Үйден шығарда кілтіңді түсіріп алсаң, жолын болмасын біле бер. * * * Ақшасыз қалғың келмесе: - Үстелді жапқышсыз қалдырма; - Үстелдегі қиқымды алақаныңмен жинаушы болма; - Тамақ ішетін үстелдің үстіне отырушы болма; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |