18:45 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ Сиыр атаулары Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Кең өрісте шұбырта айдап бағып, кеш болған соң қотанға өзің қама дейтін, сиыр малының жалпыламалап айтқандағы атауы – мүйізді ірі қара мал. Қашып кеткен сиырдың атауы – буаз сиыр, қашпағаны – қысыр сиыр аталады. Бұзау – сиырдың алты айға толмаған жас төлі. Баспақ, торпақ – алты айдан бір жасқа дейінгі бұзау. Тайөгіз – бір жасар піштірілген еркек тана. Тайынша – бір жастан асып, екі жасқа жетпеген торпақ. Тана – бір мен екі жас аралығындағы торпақ, тайынша. Бұқашық – бір жастан асқан піштірілмеген еркек ірі қара мал. Бұқаша – екі жасар піштірілмеген жас бұқа. Өгізше – екі жастан асқан піштірілген тайыншасы, еркек тана. Қашар – екі жасар ұрғашы мал. Құнажын – үш жасқа аяқ басқан ұрғашы мал. Құнан өгіз – үш жасар піштірілген еркек мал. Дөнежін – төрт жасар ұрғашы мал. Дөнен өгіз – төрт жасар ұрғашы мал. Атан өгіз – ірі денелі бес жасар піштірілген ірі қара. Құр өгіз – піштірілсе де, күш-көлікке, семіртуге жіберілген еркек ірі қара мал. Өгіз – бес жастан асқан, күш-көлік үшін пайдаланатын піштірілген ірі қара. Бұқа – піштірілмеген аталық ірі қара мал. Қусақ – тұмса бұзаулаған сиыр. Сиыр – аналық ірі қара мал. Мөшке – сүтті сауын сиыр. Жылдым сиыр – жиі бұзаулап, ұзақ уақыт сауылатын сиыр. Тынжы – сүті мол, өнімді, асылтұқымды сиыр. Қашақ – бұқаға тоқтамайтын қысыр сиыр. Қызыл бұзау – іштегі тумаған бұзау. Кайнек – сиыр мен сүті аз, бірақ өте майлы сарлық (қодас) бұқасының буданы. Шаңдақы – мүйізді ірі қара малдың тұлпары. Сиырда кездесетін түстер: ала, қара, қара ала, алабел, сары, тарғыл, шұбар, қара шұбар, ақбас, қызыл, қара қоңыр, көк, жалбыр, сары ала. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |