20:37
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ

Қой атаулары

Қойдың пірі – Шопан ата.

Ұсақ малға жататын қой мен ешкінің ел арасындағы тағы бір атауы – жандық. Мал ішіндегі ең жуасы осы қой.

Маңырама – қой мен ешкінің ортақ атауы, тұяқ.

Тамыз айынан бастап, мезгілінен бұрын шағылысықа түспеуі үшін қошқарға күйек байлап қояды. Күйектің тек қарашада алынғаны дұрыс. Сауықтар қашқаннан кейін 5 ай, 5 күн аралығында қоздайды. Еркек қозыларды үш айынан асырмай тарттырып немесе піштіріп жіберген жөн. Себебі еркек қозылар алты айдан кейін қашыруға жараса, ұрғашы қозылар осы жаста буаз болу кезеңіне жарайды.

Қой тіршілігінің шегі 12 жастан аспайды. Бес жастан асқан соң, қой қартаюға бет алады.

Муфлон, арқар – таулы жерлердегі жабайы қой.

Қой – күйіс қайыратын уақ мал.

Мәліш – салпаң құйрықты биязы жүнді қой.

Сарық – ұзындау салпаң құйрықты мәліш, қаракөл қойлары.

Құтпан – құт-береке көзі, асыл тұқымды қой.

Төл басы – ең алғашқы туған мал.

Тұсақ – бір жастан өтіп, екі жасқа толған ұрғашы қой.

Саулық – үш жастан асқан аналық қой.

Тел қой – төл телінген қозысы өлген саулық.

Қошақан – қойдың жаңа туған кішкене қозысы.

Қозы – қойдың төрт айға толмаған төлі.

Күйек қозы – шағылысуға сай, мезгілді туған қозы.

Көбеген, көбдік – ерте туған қозы. Абылаңқы деп те аталады.

Кепе – қыста ерте туған марқа қозы.

Мәйекті қозы – уызға тойып, тез өсіп, жетілген қозы.

Арамза – мезгілсіз туған қозы.

Көпей – кенжелеп, кеш туған қозы.

Көрпелдес – жүндес, ет алған марқа қозы.

Бөдене қозы – кенже туып, жетілмеген, кішкене жатаған қозы.

Марқа – ерте туған, тоқтыдан кішілеу қозы.

Бағлан – марқадан жетілген, кепеге жетпеген семіз қозы.

Сырбаз қозы- жетіліп піскен, жас етінен баптап, былбырап пісетін сырбаз жасауға лайық қозы.

Торым – қозы мен тоқтының жалпы атауы.

Шираз – көк елтірлі қаракөл қозы.

Жұрын – сүйектері ырсиып, терісіне жабысқан арық мал.

Тоқты – алты ай мен бір жастағы, кепеден үлкен қой төлі.

Ісек – екі жастан асқан піштіріліген бойдақ қой.

Құнан қой – үш жастағы тартылған бойдақ қой.

Дөнен қой – тартылған төрт жасар бойдақ қой.

Шар қой – кәрі қой.

Бойдақ қой – тартылған ірі қой.

Азбан – бұрын күйекке түскеніменде, кейін түрлі себептерге байланысты піштірілген қошқар.

Қошқар – күйекке түсетін аталық қой.

Қортық қошқар – қошқарлық қасиеті болымсыз, тұқымы нашар аталық қой.

Ішкәра – күзгі төл.

Құтпан, келепан – құт-береке көзі болған таңдаулы киелі қой.

Қойларда кездесетін түстер: ақ, ақшулан, боз, қара, қызыл, қоңыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 97 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: