06:29 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАРСЫ АЛАТЫН КҮЛІМДЕП, ТОЙЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТАРДА ТҮРІ КӨП Бесік тойы Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұл тойға араласып жүрген және төңіректегі көрші әйелдер шақырылады. Келгендер бұл қуанышқа арнап шашу шашып, көйлек-көншек, тана-моншақ тағы басқа да өз тойлықтарын алып келеді. Бұл тойда нәрестеге есімі қойылады. Ат қою рәсімін ауылдың үлкені, не өз атасы атқаруы керек. Ат қоятын нәрестені қолына алып, төмендегідей тәкбар лебізін айтуы тиіс: Аллаһу акбар (4 рет) Әшһадуәллә иләәһә иллалааһ (2 рет) Әшһаду әннә Мухамәдәр расуллааһ (2 рет) Хаииә ьаләссаләәх (2 рет) Хаииә ьаләәл фәләәх (2 рет) Аллаһу акбар (2 рет) Ләәиләһә иллалааһ – деп алып, оң құлағына үш рет сәбиге келісілген атын атап айтады. Сол құлағына атын айту үшін де жоғарыдағы тәкбар лебізді басынан бастап қайталап, Хаииә ьаәәл фәләәх деп айтқаннан соң, Қарқамәтиссаләһ деп, 2 рет айтып алып барып, сәбидің сол құлағына үш рет келісілген атын қайталап айтады. Үбірлі-шүбірлі болып, ұрпақ өсіріп отырған қадірменді ауылға сыйлы әйел бір-екі келіншектің көмегімен, киелі ақ бесікке жас сәбиді салу үшін, бесікті жабдықтап алып, түбектің тесігінен «тышты ма?, тышты ма?» деп, тәттінің бірнеше түрін өткізіп, балаларға, төңіректегі қатысып отырғандарға үлестіріп береді. Артынша баланы бесікке салып бөлеп қояды. Тойға жиналғандар әдейі дайындалған тамақты жеп, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытын тілеп, шілдехана тойындағыдай батасын беріп тарасады. Бесікке салуға байланысты айтар мәселе: кейбір аналар бесікке бала бөлеуді жұмыс көреді. Ондайларға баланы орап төсек үстіне тастай салған оңай сияқты көрінеді. Бесікке жатпаған баланың өз зәрімен шабы қырқылып, жауырынына дейін дәреті жайылып, шылқып жататынында ісі болмайтындай сыңай танытады. ондай қалыптасқан әрекеттің қате екенін, бесікке бөленген баланың таза тұрып, тыныш болатынын біле тұра, бесікке бөлеуден қашқақтайтындарды түсіну қиын?! Бұрынғы өткен әжелер, екі-үш ай өткен соң, баланы бесікте ұйықтағанда болмаса, күндіз кеудесін таңбай, екі қолын бос жіберіп жатқызуды дұрыс санаған. Қолы таңылмай қимылдап жатқан бала еркін тыныстап, жақсы өсетіндігін олар айтып кеткенмен де, кейінгілер өз білгендерімен орап, бос жатқызып қоятындары, әрине, көңілге өкініш ұялатары рас. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |