19:06
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕТ ЖАЙҒАП, КӘДЕ СҮЙЕКТІ БІЛУ ДЕ ӨНЕР

Ендігі ойға саларымыз, әдетте, о дүниелік болып, бақилыққа кеткен адамдарға жасына қарамастан жетісін, қырқын, бір жылдық асын өткізу рәсімін біздің қазақтар ортасында бұлжымайтын қағида. Сол дастарханға шақырылғандар, алдына қойылған дәмнен бақи болған жанға бағышталып құран оқылмастан жатып, астан әй-шәй жоқ ала салып, дәм татып, қауқылдаса сөйлесіп жататындарын көріп жүрміз. Олай ету о дүниелік болған жанның рухын, ас иесін мүлдем сыйламау деп түсіну керек. Кейбіреулер: «Алдыңа келген асты күттірмеу керек» деген сыңаржақ қағиданы ұстанады. Неге олар дастарханға отырған адамдар жалпы құран оқылып, асқа бата жасамастан өздігінен тұрып кетпейтінін неге ескермейді? Бәрібір артын күтеді емес пе? Сондықтан да асты құран бағышталмай ауыз тию дұрыс емес.

Берілгелі отырған тамақтың сауабы, бақилық болған адамның дәметкен рухына тек құран бағышталғаннан соң ғана тиетінін ескеріп, құран оқылып болғанға дейін ас жеуді бастамастан күткен сауап.

Басқа да иесі құдайы деп атап, дастархан жайып, берілетін тамаққа да осы ұстанымды ұстаған абзал. Себебі алдыңыздағы қойылған тағамдардың бәрі де құдай жолына аталып қойылған. Оған да бірінші құран бағышталуы керек.

Ал тойларда, түрлі қуаныш дастархандарында, тіпті жалпы тамаққа отырғанда жасы үлкендердің бірі бата жасап, дәмнен алып отыруы еш сөкет емес.

Малдың киесі, тамақтардың киесі әр кезде де қаперде болған жөн.

Олай дейтініміз, көпшілікті шақырып, ас, құдайы тамақ беруде қалған тағамдарды көбінесе ет пен басқа да астарды қоқысқа тастау деген мал киесін, обал-сауапты ойламау, құдайы тамақ бағышталып отырған рухты сыйламау, өз келешектерін ойламау. Рухқа бағышталған дәмге жасалған тікелей қиянат деп түсінген жөн.

Құдайыға арналып, рухтарға тиер сауап үшін құран оқылып, бата жасалған тамақтан желінбей қалғандарын дастарханда жай қалдырып кетпей, салып алып, үйдегі қалғандарға ауыз тигізіп, дәмнің сауабы шын ниетімен қабыл болуын тілейтін болса, арнайы аталған құдайы тамақтан келер сауаптың үлкені сол болмақ. Оның еш сөкеттігі жоқ. Нағыз ізгі істің бірі деп түсінген жөн.

Қазағымыздың мал сойып, етін жайғап, табақ тартуы үлкен ғылым, нағыз өнер. Әр жасөспірім бұларды үйреніп, өз малын өзі соятын жағдайға жетуге ұмтылғандары жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 116 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: