13:57
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Өрік – адамның иммунитетін арттырып, көздің көру мүмкіндігін күшейтеді. Сонымен бірге жүрек-қантамыр аурулары мен тері ауруларына да көмегін тигізеді. Оның себебі: өріктің құрамында А, Е, В2, В5 дәрумендері мен ретинол, фолий, аскорбин қышқылдары, минералдардан калий, кальций, фосфор, магний, алюминий, мыс бар.

Кепкен өрікті үнемі жеген адам көз көруі жақсарып, қан аздықтан, өкпе мен қолқаның сырқатынан айығып, бауыр мен өт жұмысының жақсарғанын байқайды. Сондай-ақ есте сақтау қабілетін арттырып, шаш өсіріп, теріні жақсартады.

Кепкен қара өрік, мейізде де ағза үшін керекті В дәрумен тобы, фосфор, темір мен магний элементтерінің қайнар көзі. Әсіресе қалқанша без бен жүрек үшін пайдалы калийге бай. Мейізді жөтелге, аллергиялық қышымаға пайдалануға болады. Қара жүзім нәрлі де дәмді болғандықтан емге тигізер пайдасы көп. Теміреткі басқанда мейізді жарып үйкесе нәтиже береді.

Күніне 10 мейіз, 2 кепкен өрік, бір грек жаңғағын жеп, жылы су ішіп тұрса, жүрек жұмысы жақсарып, сырқаттан қорғануға болады.

Халуа да пайдалы. Онда қуаты мол В тобы дәрумендері бар. Ол жүйке жүйесі үшін аса қажет. Шаш пен тырнақты жақсартады.

Есте болар жағдай. Кейбір өсімдіктерде зиянды қуатты сіңіріп алатын, енді бірінде адамға оңды қуат беретін ерекшеліктері бар. Мысалы, жүгері, сұлы, қара бидай, арпа дәндері зиянды қуатты бойдан сорып алу қасиетіне ие. Оларды кішкене ыдысқа салып, саусақпен санағандай етіп, күніне екі-үш мәрте, үш минуттан жайлап араластырып отырса, бойдағы жаман қуатты сорып алады. Ал бидай, қарақұмық, күріш, тары дәндері жағымды энергия көзі.

Қарақұмық (гречка) құрамы дәруменге бай, лимон мен алма қышқылы да бар. Ағзаны токсин, ас қалдықтарынан тазартады. Ақуыз мол болғандықтан бұлшық еттердің серпінділігін арттырып, ағзаны май қабаттарынан ыдыратады. Ол адамды тоқ етіп, еттің орнын басады.

Қызыл-қоңыр күріш ас қорыту жүйесін жуады. Ол теріні де тазартып, бауырдың жұмысын, зат алмасу процесін жақсартады.

Сұлы – ақызға, мырыш, темір, магний, фосфор элементтері мен фолий қышқылы және В1 дәруменіне бай. Сондықтан да адам бойына күш беріп, ағзаны қуаттандырады. Сұлы ботқасы шаршауды басады, таңғы сағат 6-8 аралығында жесе, ішекті жақсы тазалап, ас қорытуды белсендіреді. Көздің көруін жақсартып, миды дамытады. Асқазан мен ішектердегі шлактарды тазалайтындықтан тері жасарып, ол да тазарады. Оны арықтағысы келгендер көп тұтынады.

Сұлу ұлпасының ботқасы іш кебуіне шипа бола алады. Ішкі май қабаттарын ыдыратып, қан құрамын пайдалы минералдармен байытатын мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, антиоксиданттар, фтор, калий, марганец, магний, хром, кальций, темір, фосфор және С дәруменімен қамтамасыз ететін сұлының арқасында ағза белсенділігі артып, ішектегі зиянды, қажетсіз заттар сыртқп оңай шығып кетеді. Онымен қоса шаш, тырнақ беріктігі артып, тері жақсарып, сүйектердің беріктігі артады. Іш қату мәселесіне де септігі жоғары.

Тары – адам ағзасына керекті дәрумендердің қайнар көзі. Онда белок жеткілікті. Аллергияға әсер етер глютен жоқ. В тобындағы дәрумендерге, бауырға қажетті холинге бай. Сүйекке, жүекке, иммунитетті көтеруге керек магний мен фосфор, калий, цинк көп. Онда көз жанарының бұзылуына әсер етерлік заттардың әрекетін тежейтін антиоксиданттар да бар. Өт қабы мен өт жолдарына пайдасы бар.

Тары ботқа мен оның сорпасы ағзадағы артық холестерин мен токсиндерді, дәрілердің қанда ұйып қалған қалдықтарын сыртқа шығаруда үлкен көмегі бар. Бауырға да пайдалы. Тары ботқасы ағзаны қуаттандырып, артық тұздарды сыртқа шығарады.     

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 127 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: