19:10 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН Саумалдық (шпинат) А, С, В1, В2, В3, В5, В6, Е, К дәрумендерінің, гемоглобинді көтеретін темір элементінің қайнар көзі. Сондай-ақ фосфор, калий, магний, кальций, фолий қышқылы, мырыш, йод, мыс секілді микро-макро элементтер бар. Оның жапырағы иммунитетті көтеріп, күйзелісті тежеп, жүйкені тыныштандырады, көздің көруін жақсартады, қан қысымын реттеп, шлактарды шығарадаы. Балалардағы мешел ауруының алдын алып, ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Алма – миды тазартады, ішкі мүшелердің жұмысын жақсартып, қан тамырларындағы холестериндердің деңгейін төмендетеді. Алма шырынында А, В, С дәрумендері, биотин, пантотен, фолий қышқылы, темір, магний, фосфор біріккен минералды заттар бар. Шырыны ағзадағы артық шлактарды шығарып, улы заттардан тазартады. Қабығымен жеген алма барлық мүшені артық заттан тазалайды. Артық салмақтан арылтып, ағзаны темірмен байытады. Жүрек, өкпе ауруларының алдын алып, суыққа қарсы иммунитетті күшейтіп, жұқпалы аурулардан сақтайды. Бауыр, несеп жолдары, жүрек, қан тамырлары ауруларынан арылтады. Шие құрамында қант, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендері, лимон, алма қышқылдары және мыс бар. Шие шырыны темір мен магнийдің қайнар көзі. Шие шырыны гемоглобинді қалыпқа келтіріп, несеп жолына түсетін инфекциядан, қатерлі ісіктен де қорғайды. Қара жидек шырыны ағзаны тазалап, несеп жолдары, ішек, бүйрек ауруларының алдын алады. Асқазан қышқылын қалпына келтіріп, аллергиядан арылтып, көздің көру қабілетін жақсартады. Қайың балында калий, кальций, мырыш секілді минералдар мен В1, В2, В6 дәрумендері бар. Ол ағзаны әлдендіріп, тәбет ашып, ұйқысыздықтан арылтып, жүйкені тынықтырып, бойды дел-салдықтан құтқарады. Асқазан, ішек-қарын жолдары ауруы, құяң, сарып, демікпеге ем. Денеге сары су жиналғанда, несеп айдауда пайдасы бар. Күнбағыс дәнінде – май 53, көмірсу 26,5, фитин 2 пайыз, ақуыз, органикалық қышқылдар, А, Д, Е дәрумендері бар. Бұлар көру қабілетін жақсартып, ағзаны минералмен қамтамасыз етеді. Анар ағзаны құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Ол жүрек жұмысын жақсартып, кәріліктің алдын алады, қан қысымын қалпына келтіріп, иммунитетті көтереді. Оның құрамында 15 түрлі амин қышқылы, А, В, Е, К, С, В9, В6, РР дәрумендері мен калий, марганец, мырыш, кальций, магний, кобальт, фосфор бар. Оның жапырағы, қабығы, тамыры да ем. Анар шырыны мен жеміс қабығын асқазан жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығы ішек құртына қарсы пайдаланылады. Ол қан құрамын жақсартып, ондағы темірді көбейтіп, сүйек сынғанда тез бітуіне көмектеседі. Құрма – йодқа бай. Құрамында калий, темір, натрий, кальций, фосфатпен қатар 50 пайыз А, 20 пайыз С дәрумені және Е, Р, В дәрумендері мен магний бар. Ас қорытуды ынталандыратын, өт қышқылы мен холестеринді ретке келтірер пектиндер қуат беретін қасиетке ие. Қаны аздарға нағыз көмекші. Ол қан айналымын реттейді. Күйікті жазуға көмектеседі. Ал магний болса, несеп айдайды, бүйректе тас болудың алдын алады. Бауырды жақсартып, А дәрумені арқылы ағзада қатерлі ісік жасушаларының қалыптасуына тосқауыл қояды. Мандарин – ағзаға пайдалы. Онда нитраттар мен басқа зиянды заттардың жиылуына жол бермейтін лимон қышқылы бар. Ал С дәрумені өте көп. Пектинге де бай. В1, В2 дәрумендері мен тамыр созылғыштығына пайдалы К, рахиттен қорғайтын Д дәрумені бар. Киви құрамында С дәрумені, көмірсу, кальций, фосфор, темір, натрий, калий, мырыш бар. Ағзадағы майды ерітіп, қан қысымын көтертпейді. Жүрек ауруынан құтқарады. Иммунитетті А, С, Е, К дәрумендерімен байытып, әлдендіреді. Йод тапшылығы мен гипертониясы барға көмектеседі. Қызыл иектің саулығы үшін өте қажет. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |