20:20 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН Күнбағыс майында F дәрумені (линол майлы қышқылы) немесе эссенциаль қышқылы бар. Линол қышқылы иммунитетті нығайтып, зиянды холестерин деңгейін төмендетіп, онкологиялық аурулардың алдын алады. А, Д, Е дәрумендері де кездеседі. Зығыр майы (лен) құнды Омега-3 пен Омега -6 қанықпаған май қышқылдарының көзі. Бұлар жасуша құрамына енгенде жүйке импульстарына жағымды әсер етеді. Зығыр ақуыз, А, В, Е, Ғ, Р дәрумендері мен биологиялық белсенді заттарға бай. Зығыр майы холестерин деңгейін төмендетіп, тамырларды қақтан тазартып, қан айналымының жақсаруына көмектеседі. Ас қорыту, бауыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Инсульттың алдын алады. Үпілмәлім (кастор) майы бауырдың жұмысын жақсартады. Тері аурулары – сыздауық пен қышымаға дауа. Іш жүргізуге де пайдаланады. Өт қабындағы тас пен құмдарды түсіруге ықпал етеді. Жаңғақта дамушы ағзаға аса қажет А, С, В1, Р, Е, Д, К дәрумендері мен калий, кальций, магний, фосфор, темір, йод, селен, мыс, тағы басқа элементтер өте көп. Жаңғақ – ұзақ жасаудың кепілі. Ол ми қызметін жақсартып, ған қажетті минералдар жеткізеді. Бастың қан тамырлары үшін грек жаңғағының көмегі ерекше. Көңіл күйді көтереді, ұмытшақтықтың алдын алады. Ұйқының қанық болуына ықпал етеді. Диабеттің, обырдың алдын алады. Құрамындағы Омега-3 қышқылы жүрек ауруы мен кеуде обырынан сақтайды. Жаңғақ майы – иммунитетті күшейтеді, суықтау, қабынуға қарсы күресу қабілетті арттырады. Қартаюды тежеп, тамырлардың түйілуін болдырмайды, қандағы холестериннің қалыпты болуына атсалысады. Бауыр жұмысын жеңілдетіп, жай-күйін жақсартады. Ас қорытуды реттеп, іш қатуды болдырмайды. Түрлі тері ауруларына да пайдасы бар. Қалқанша безі ауруларында адамның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Артрит пен басқа да буын, тері ауруларына (псориаз, экзема, тыртық, күйік, жара) ем. Жүзімнің құрамы А, С, В6 дәрумендері мен калий, кальций, темір, фосфор, маний және селена минералдарына бай. Тағы адамның қартаю процесін тежейтін флавоноидтер бар. Ал дәнді сүйегінде ағзаны нығайтатын, организмді жасартуға, ішекті керексіз шлактардан тазартуға ықпал етерлік табиғи май мен А, Е, К дәрумендері бар. Сол себепті де диетологтар ірі жидекпен күніне, он-он бестей жидекті қабығын жуып, дәнді сүйегімен бірге жеуге кеңес береді. Дәрумен, минералдардан басқа жүзімде жүйке жасушалар үшін қажет – 15 түрлі амин қышқылдары бар. Ал жүзімдегі магний денеге және ми тынығуына әсер етеді. Диетологтар жүректің және бүйректің жұмысын нығайту үшін мойылдай қара, басқа түстілі жүзім жидегін, ал өт қабынан және бүйректен құмды айдап шығуға, зәр қуу қасиеті жоғары ашық мөлдір түсті жүзім жидегін пайдаланғанды жөн санайды. Жүзім ағзаны тазалап, жүректі қуаттандырып, қан қоюлануына жол бермейді. Жүйкені тыныштандырып, шаршағаныңды басады, күш-қуатты тез қалпына келтіріп, иммунитетті күшейтеді, қатерлі ісік ауруының алдын алады. Өкпе мен тыныс алу жолдарын жақсартуға да көмегі зор. Мүкжидек (клюква) – вирустарға қарсы күресте шайы мен тосабы ем. Ол қуық-несеп жолдарын бактериялардан қорғап, ағзаның қартаюына жол бермейтін де, зәр айдайтын да, қабынуды асқындырмайтын да қасиеті бар екен. Оның құрамында калий, темір, натрий, алюминий, цинк, В, Е, РР, К1 дәрумендері бар. Иммунитетті нығайтады. Жалпы жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Сондай-ақ қан тамырларын тазалап, қан құрамын холестериннен тазартады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|
|
Всего комментариев: 0 | |