16:51 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ Әжімнің де ақтарар сыры бар Әрбір адамның бет-әлпетіне қарап, мінез-құлқын, талғам-сырын, көңіл-күйін оқуға болады. Беттегі әжімге қарап, ол адамның қй жерінің ауыратынын байқау жолы ғылыми негізде дәлелденген. Мысалы, қабырғаның үстіндегі әжім – жүрек ақауының барлығын білдіреді. Ондайда, дәрігерге тексеріліп алған дұрыс. Маңдайдағы әжім ой еңбегімен айналысатындарға, не болмаса, күйзелістен оңала алмай, қайғырып, жегі жеп жүретіндерде болады. Кеңсіріктегі әжім – ылғи қабағы ашылмай кіржиіп, қапалы, ренішті көкірегі мұң-шерге тола, өмірге ырза болмай жүретіндерде кездеседі. Сондай-ақ, қуық, зәр жолдары кілтипанынан хабар береді. Сол жақ езуде болатын сызық ыржақай, жыртақы, көп күлетін күлегештік белгісі емес. ол – асқазан ауруларының салдары. Езудегі әжім шаттанып жайраң қағып жүрер көңілділіктің белгісі емес. Әжімдер ас қорыту қызметінің бұзылуынан болады. Ерін үстіндегі әжімділер – мінезі ауыр, тұйық, не ашушаң шорт мінезділер. Бұлардың аш және тоқ ішектері нашар жұмыс істейді. Көздің астындағы әжімдер бүйректің ақауынан хабар береді. Көздің бұрышындағы әжімдер – мейірімділіктің ғана белгісі емес, өт жолдарындағы кілтипаннан да болуы мүмкін. Өзімізге-өзіміз тұрақты бақылау жасап, сақтықпен жүрер болсақ, көп нәрсе ұғарымыз анық. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |