18:15
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Ызыңды естір құлағың сырыңды ашса, шыдағын

Шығыс медицинасының тұжырымы бойынша адамның құлағына қарап та, оның мінез ерекшелігін, ерік күші мен белсенділігін, қажырлылығын, денінің саулығын білуге болады. Біздің де мұны білім жүргеніміздің артықтығы болмас. Ендеше:

Құлақтың ұшы қастан жоғары оналасқан адам – өте жоғары интеллект иесі екен.

Құлағы қасымен бір деңгейде орналасқан адам – өз бетінше кесіп-піше алатын, көшбасшы болуға ұмтылатын, өршіл көзқарасты оптимист және көздеген мақсатына жетуге күш салуымен ерекшеленетін жан иесі.

Құлағы, көзі бір деңгейде орналасса ол орташа интеллект иесі.

Құлағы көзінен төмен орналасқан болса, ол адамды дарынсыз жанға балай беруге болады.

Құлақтары бір деңгейде емес, біреуінен екіншісі биік орналасқан адам – логикаға бағынғаннан гөрі нәпсісіне жүгінуді жөн көретін, бәстесуде дес бермейтіндер тобынан.

Құлағы кішкентай, шамада 6-см-ге дейінгілер – атүсті, үстірт жеңіл ойлап, ұшқарылыққа жол беріп, шамадан тыс құлай сенгіштер.

Құлақ көлемі орташалар – кертартпалығы мен ескішілдігі еленбей қоймайтын, отбасы мен қызметті шебер үйлестіре білетіндер.

Құлақ көлемі үлкен, 7 см-ден жоғары болып келгендер – мықты денсаулықты, өзіне сенімді, епті, еті тірі – пысықтар.

Үлкен қалқан құлақтылар – аса қабілетті, ерекше біткен табиғи дарынды талант иегері.

Оң құлағынан сол құлағы үлкен адамдар – ғылым жолында үлкен табысқа жететіндер.

Оң құлағы сол құлағынан үлкендер – тумысынан ізгі ниетті, адамдарға сүйіспеншілікпен қарайтын гуманистер.

Созылыңқы құлақты адам – сыпайы, әдепті, бипаз, жалпы биязылыққа жақын, сезімтал, әсерленгіш жан.

Құлағы кеңінен келгендер – шыншыл-реалист, оңды, дұрыс, қара қылды қақ жарардай тура, әділдік иелері.

Ұштанған сүйір құлақтылар – пысықай, жылпос, қу, сумақай, айласын асырар жылмақайлар.

Құлағы жымқырыла, жоғары қарай сүйірленіп біткен жан – мейірімсіз, қатыбезер, өте қатыгез адам.

Құлағының үстінгі жағы томпақ, шошақ, кертеш болып келгендер – мысқылшыл, қарым-қатынаста, әжуалы келекесі кез келгенді оңбай жаралап тастайтындар.

Құлағын жүн басып кеткендер – темпераментті, сырты әсерді сезгіш болғанымен, кісіні дұрыстап тани алмайтындар.

Құлағы жуан және ірі болып келетіндер – ұзақ өмір сүруге мүмкіндіктері мол, денсаулықтары мықты, бірақ, өнер атаулыға қызықпайтындар екен.

Құлағы жуан бола тұрып, қушиып, тар орналасқан адам – өзіне тапсырған істі де дұрыс атқара алмағанымен тұрмай, өз бетінше де өмір сүре алмайтындар екен.

Құлақтың қызарып, көгеріп, қара қошқыл тартып тұруы бауыр мен жүректе, асқазан мен ішекте кінараттың барлығын білдіретін көрінеді.

Құлағы тез қызарып, ысып шыға келетіндер – жүйке тозуына бейім, ойланбастан жылдам реакцияға берілгіш, үстемші, басқыншылық-агрессияға жақын адамдар екен.

Жүйке жүйесі әлсірегендердің құлағы бозаңданып, салқын тартып тұратын көрінеді.

Құлағы ысып, қызара қоймайтындар – баяу, босаң, былжыр, жалпы сылбыр, самарқау, жайбарақат болады.

Құлақ терісі тым жарқырап, күн көрініп тұрған адамның азып, жадап-жүдегені мен дене күші әлсірегенінің белгілі деп түсіну керек.

Құлақ түбінің алдыңғы жағында әжім көп болса, адам организмінің әлсіреуінің белгісі.

Құлақ айналасын қаптаған қоңыр, қызылқошқыл дақтар, денеде минералды заттардың жетіспеушілігінен, тоқ ішек пен аш ішектегі кінараттардан хабар береді.

Құлақ сырғалылығы – жоққа тән, өте кішкентай болған адамдардың ойлай білу қабілеттері төмен болады екен.

Құлақ сырғалылығы төрт бұрышты адамдар – қара күш иелері әрі үстемдікке-агрессияға тым бейім жандар.

Сырғалылығы – созылыңқы, үлкен және сүйір адам – ішкі күші мол, еңбексүйгіш, ірі ойшыл адам.

Сырғалылығы – жуан әрі былқылдаған жастықтай мамық болса, ол адам – семіздікке бейім, ой белсенділігі төмен адам.

Құлақ сырғалылығы қыртыстанып, қатпарланып, жиырылып, бүрмеленіп тұрған адам – атеросклероз, инсульт пен инфарктке ұшырау мүмкіндігі жоғары және диабетпен ауыратын адам.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 165 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: