10:47
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет-әлпетіне қарап та, оның жан-дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет-әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет-бейнелерге шолу жасап көрейік.

 

Тәніңдегі қал-меңің құпияңды ашар сенің

Халқымыздың тәндегі болатын қал-меңдердің орналасуына, пішін түрлілігіне қарай адамның болмысын, болашағы мен алдағы тағдырын анықтатйын белгі ретінде қарайтыны белгілі. Енді соларға тоқталайық:

Қалы шекеге таяу оң жақ қабақ үстіне орналасса, ол адамның болашағы жарқын, қайраткерлік дәрежесіне көтерілу мүмкіндігі болмақ.

Маңдайының қақ ортасында қалы барлар – елге қызмет ететін, кісінің жан дүниесін түсінетін қабілетті, талантты, дарын иесі екен.

Оң жақ маңдайда шашқа жақын қалы барлар – соңынан жұртты ілестіре білетін, дем беруші жетекшісі, алға бастар көсемі болуға лайық.

Көз асты қалды – мейірімді, рақымды, адамгершілікті, биязы жан.

Қал сол құлаққа жақын орналасқан болса, ол адам – кез келген іске жақын салып, өзін құрбан етуге дайын болады екен.

Бет ұшы, жақтағы қал – тез байламды шеші қабылдауға қабілетті жандарға тән. Әсіресе, оң жақ бет ұшынды қалы барлар, идеясын, мақсатын жүзеге асыруда өмір бойы күресуге дайын екен.

Шүйдедегі шаш арасында қалы бар адам – ойшыл адам. Қалы желкеге жақындар – сыр шашпайтындар тобынан екен.

Құлағында қалы барлар – күпілдек, бөспе, мақтаншақ, кеппе, кемшіліктерін жасырып, өзін көпіртіп көрсетуге әрекет ететіндер.

Қал құлақтың ішкі қуысына орналасқандардың бойындағы зат алмасуында, жүйке жүйесінде ауытқушылықтар бар болғанының хабары.

Еріндегі табиғи қал – өзіне күдікпен, сенімсіз қарайтындарға тән. Қал қызыл ерінде болса, ол адам шылымның құлы.

Тілге біткен қал – көп сөйлеп, өздері аз тыңдайтыдарға тән белгі. Бұндайлар ойындағысын айтып салмаса, «іші кебеді». Жай тұра алмайды. Есесіне, көп таяқ та жейді.

Ер адамдардың мойнындағы қал – оның білікті, жан дүниесі бай бола тұрып, ұстамсыздығынан, бойында бар мүмкіндікті пайдалана алмайтындығынан хабар береді.

Мойнында қалы бар әйел – көзқарасын тез өзгертуге бейім екен.

Қал әйелдің сол жақ кеудесінде болса, ол әйелге бақытсыз махаббаттың құрбаны болу қаупі төнетіндігінің белгісі екен.

Қал әйелдің оң жақ кеудесінде болса, ол әйел – жақсы ана, сүйікті жар боларын білуге болады.

Емшегінде қалы бар әйел, ол – аса мейірімді, мейірбандылық танытып, бар өмірін балаларының бақытына арнайтын ана болады.

Оң емшек ұшы қалды әйелдің баласы тоқ, қайғы мұнсыз болады.

Қалы емшегінің сол жақ ұшында болған әйел апатан, сал болып қалудан сақтанғаны жөн деп білген.

Қалы емшектің оң жақ астында орналасса, ол – іскер әйел.

Ашуланшақ әйелдің қалы жамбасқа таман, қабырға астында болады. Ондайлармен тамұқтағыдан да ауыр өмір кешуге тура келеді.

Еркектің жамбастағы қалы – оның бұйығы өмір кешіп, қоғамнан бөлектеніп жүруге бейім екендігінің белгісі.

Жамбасында қалы бар әйелдің баласы тұрмысқа кеш шығуы мүмкін.

Ер адамның оң жақ бетіндегі қалы оның шапшаң, шалт мінезді, жігерлі екендігінен хабар береді.

Оң жақ бетінде қалы бар әйелдерге ер адамдар әуес. Сол жақ бетінде қалы бар бала дарынды болуы мүмкін.

Қабағында қалы бар еркек – ақылынан гөрі сезіміне көбірек жүгініп, үрейшілдік өмір кешеді.

Қабағында қалы бар әйел жолы болғыш, жетістіктерге тез-ақ қол жеткізетін, табысты болады. Олар қорытынды жасап, тез шешім қабылдай алатын қабілетке ие. Қас арасындағы қал – бұл «үшінші көз» белгісі. (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 194 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: