17:42 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет-әлпетіне қарап та, оның жан-дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет-әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет-бейнелерге шолу жасап көрейік.
Иіс сезер мұрының кепілі – сенің сырыңның Мұрыны мен ауызының арасы тым алшақ болып біткен адамдардың әдептілігі аздау болады екен. Имек тұмсықты адамдар – кекшіл болып келеді. Мұрыны төмен қарай бүгіле біткен адамдар – эгоист, залым-сұрқиялыққа бейім болып келетіндер. Мұрыны жоғары қарап қалғандар – тосыраң мінезді, еркін жүріп, көпшілік мойындаған тәртіпке де бағына бермейтіндер. Таңқы мұрындылардың денсаулығы кемдеу болатын көрінеді. Пұшық, тәмпіш және таңқы мұрындылар да – қиын да ауыр жұмыстардан және қысылтаяң жерлерден басын алып қашатын, қиын тапсырмаларды шешуге қабілетсіздер. Дөнес мұрындылар – тәкаппар, асқақшыл, өркөкіректер тобынан. Ұзын мұрындылар – кертартпа, қыңыр, қырсық, кербақ және де істің жөнін біле бермейтін, іскерлік қабілеттері жоқтар. Сүйір тұмсықтылар – талап қойғыш, қытымыр, зілді, қаталдар. Жалпиған «картошка» мұрын адамдар стихияға бейім болады. Мұрыны жуан адамдардың ойы алғыр, өздері мейірімді болып келеді. «Мұрынды адам – өктем, батыл» деген де бар. Кеңсірігінің үстіне көлденең сызықтар пайда болған адамдар – мұрынының ұшында үнемі ашуы жүретін, тыз етпе, ашуланшақтар.
Ерін менен ауыз да сыр бүкпейтін «жауыз» ба? Салпы ерінді адам – асқақ мінезді, менмендіктен, кекірттіктен, өркөкіректіліктен кенде емес, өзімшіл, іштар, қылтима кінәшіл, өкпешіл, сондай-ақ, небір жолсыздықтарға жол беру олар үшін түк те емес екен. Үстіңгі еріні жуандар – әзіл-қалжыңды, сын сөзді көтере алмайтын, көңіліне тым ауыр алғыш адамдар. Ерні қалың болса – ашушаң, жұқа – сөзшең, қайқы – ызақор. Дүрдиген ерінді адам – сезімге тиянақсыз, білетін нәрсесінің өзін білмегенсіп, аярлана, тәсілқойлықпен, момынсып жасанды, сиқырсыған қылық көрсете, көлдете көлгірсіп, әзәзілденуге иық беріп, монтансиды. Үлкен ауыз – төңірекке жағымды, қонымды да қылықты істерімен көзге түсетін, жайдары, жайлы, жұмсақ мінездің көрінісі. Аузы үлкен адам – ризығы мол несібелі болады деген сөзді де біле жүрген дұрыс. Езуі қисайып тұратындар – еріншек, кер жалқау, кежір, кертартпа, бойкүйез, қиястап қыңыр тартатын, қырсық арынды мінезділер. Екі езуі салбыраған «балық ауыздылардың» сыры, уайымшыл, көңіл күйі жиі бұзылып, өзінен-өзі құлазып қала беретіндігінде екен. Ернін жиі жымқыра беретіндер – тәкаппар әрі өзімшілдер. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |