21:38
Рухани-танымдық сүрлеулер

АҒАШ БІТКЕННІҢ ДЕ СЫРЫ БАР, ОНЫ ДА ОҚЫП, БІЛІП АЛ

Ғалымдар адамдардың сүйген ағаштарына қарап, мінез-құлқын, қабілет-қарымының қандай екенін, қандай ауруға бейім екендігін білуге болатынын дәлелдеп отыр. Адам мен ағаш арасында көзге көрінбес бір сиқырлы байланысты мына бір жағдайдан да аңғаруға болады. Мысалы, сәби туған кезде, ырымдап отырғызылған көшет баламен қатар өсіп, бала ауырған жағдайда ол да ауырып, тіпті, бала кездейсоқ өмірденөтіп кеткен жағдайда, оның да солып қалатынына сенбеске лажың жоқ.

Ағаштардың бәрі де мұндай қасиетке ие емес. Олардың бір тобы бойынан бөлінетін биоөрісі суықтау келіп, адамның қуат-күшін өзіне артып, әлсіретіп тастайды. Қасына барғанда жағымсыз сезім береді. Ондай ағаштан аулақ жүру керек. Қисық біткен, бұтақтары майысқан, ауырып, шорланған, қураған ағашқа жоламаған дұрыс.

Ағаштардың екінші тобы – нағыз жылы биоөріс шығарып, жағымсыз энергиядан арылтып, күш-қуат сыйлап, шуаққа бөлеп, жадыратады. Бейтарап ағаштар да бар.

Қазақ халқында адамның іс-әрекетін ағашқа теліп, оны адам бейнесіне енгізіп, сан түрлі тұспалдар айтқан. Мәселен, ұзын қарағай тәкаппар адам, сексеуіл жапа шегуші, тасты жарып шыққан аршаны – тасбауыр, қызыл тобылғыны ұялшақ адамға теңеп отырған.

Енді ғылымда дәлелденген, әр адамның ағашы туралы деректермен танысқанымыз дұрыс болатын сияқты.

Олай болса, алма ағашын жанына жақын тұтып, оған бүйрегі бұрып тұратындар – мінезі жібектей, тартымды, сөзінде тұратын, әр іске жауапкершілікпен қарайтын, адамдармен тіл табыса білетін, кең пейілді, дарынды, берері мол, енімді жандар. Бұлардың кемшілігі – өзіне айтылған сынды, жағымсыз әңгімені жүрегіне жақын алып, мұңайып жүретіні.

Самырсын ағашымен байланысты адамдар – денелері ірі, салқынқанды, намысы мен абыройына бола күйіп-пісе қоймайтын, ашық мінезділігі де бар сенгіш, сәтсіздіктерге ұшырап жатқанда қаттырақ уайымға бататындар. Ондай адамдарға 12-24 қаңтар және 15-25 маусым аралығында туғандар жатады.

Арша тұқымдас кипаристердің адамдары – 25 қаңтар мен 3 ақпанда және 26 шілде мен 4 тамыз аралығында туғандар. Олар арықтау болғанмен, кипаристей бой түзеген сымбатты, қажыр-қайраты күшті, дос-жарандарының арқасында бақытты өмір кешеді.

Майысқан сұлу қайыңдарды сүйетіндер – ақылды, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жинақы, ұқыпты, орнықты, ар-ұятты да сақтайды, өте намысшыл, қайратты жандар. Ондайларға ақпанның 4-і мен 8-і және тамыздың 5-і мен 13-і аралығында туғандар жатады.

Қарағайды өз ағашым деп жақсы көретіндер – алға мақсат қоя біліп, онысына жеткенше тыным таппай әрекет ететін, тәртіпті келген, тәукелшіліктен қорықпайтын, қиын жағдайлардан абыржымай жол таба білетіндер. Бұлардың осал тұсы – тура айтамын деп, туғанына да жақпай, өзгелердің жанын жаралап, артынан кешірім сұрап жүретіндігі. Бұндайлардың ішінен мінезі тым жұмсақ, көп айтса көнді, жұрт айтса болды қағидасымен жүретін солқылдақтары да болады. Қарағайды жақын тұтатындар – 19-29 ақпан мен 24 тамыз – 2 қыркүйек аралығында туғандар.

1-10 науры және 3-12 қыркүйекте өмірге келген адамдар – арша ағашын жанына жақын тұтады. Олар көңілді жүріп, өз ойын, сөзін өзгеге орындата алады. Бұлардың жолы жеңіл. Қиын шақтарда сөз тауып, сытылып жүре беретіндер тобына жатады.

21 наурызда дүние есігін ашқандардың сүйікті де сүйкімді ағашы – емен. Бұл күні туғандар өзгеге ұнау үшін тырыспайтын, қарапайым болғанымен, өзін өзге ортада мойындата алатын, ақылды, байсалды, байыпты, сарабдал, басалқылы жандар. Қажет кезінде шарт кетер қызба мінезі де жоқ емес.  (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 184 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: