16:58
Рухани-танымдық сүрлеулер

АҒАШ БІТКЕННІҢ ДЕ СЫРЫ БАР, ОНЫ ДА ОҚЫП, БІЛІП АЛ

Адам баласының жан-дүниесі ағашқа байланысты болғандықтан, ерте заманнан-ақ оның қадір-қасиетін бағалаумен келеді. Ағаш біткеннен бабаларымыз киіз үйдің барлық керек-жарағын жасап, тұрмыстық бұйымдарды да ағаштан түйген. Жаугершілік кезіндегі қарулар да ағаштан жасалған. Қысқасы, ағаш адам өмірімен біте қайнасып жатыр.

Бабаларымыз жапан далада жеке өсіп тұрған ағашты қасиетті санап, зақым келтірместен, мүмкіндігіне қарай күтім жасауға әрекеттенген. Оның түбіне де көп отырмаған.

Ағаштың жанды тіршілік иесі һәм узақ уақыт орман ішін аралаудың адам ағзасына әсерінің күшті болары ғылыми дәлелденген. Орманда болған адам тың күш жинап, көңіл-күйінің көтерілуі арқасында, теріс ойлардан арылып, өз ағашын тапқан жағдайда, бойындағы дертінен де айығуына болады екен. Әсіресе, бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянар көктемде, жиі-жиі орман аралаған дұрыс екен. Себебі, ағаштар да адамдар сияқты көктемде күш-қуатқа кенелетіндіктен, орман-тоғайдың ерекше жұпар аңқыған иісінен де ерекше ләззат алып, емделуге болады. Өз ағашыңды дұрыс таңдау арқылы, оның жағымды энергиясын бойға сіңіресің. Бір-бірінен алты метрден алшақ орналасқан ағаштардың энергиясы айрықша күшті болатыны анықталған. Мысалы, емен, қарағай күш-қуатымызды, иммунитетімізді арттырып, рухымызды көтеріп, оймызға кереметтей ой қосып, мірдің ұзаруына, қартаймауға, жігерлі жүруге көмектесіп, жағымды қуат энергиясын сыйлайды екен. Ескерер жағай, қарағайдың биоэнергетикасы ауыр болғандықтан жүрегі ауыратындардың қарағайлы ормандарда қыдыруларына көп болмайды.

Акация адамға жақсы көңіл-күй, тың күш, саялы сезім сыйласа, үйеңкінің биоалаңы те күшті. Ол кез-келген адамға жақсы әсер ететіндіктен, оны әркім-ақ батыл құшақтай берулеріне болады.

Қайың тек өзін еркелетін нәзік жандылардың символы саналып, көмектеседі. Оның шырыны да денсаулыққа пайдалы саналады.

Оқтай түзу теректің энергиясы да түзу болып келеді. Оның көмегімен бас және омыртқа ауруынан құтылуға болады екен.

Шетен, көктерек, терек, мойыл, мамыргүл, жөке сияқты ағаштар адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне тартып алу қасиетіне ие. Оларды біраз уақыт құшақтауға, бұтағын бөлмеге әкліп қоюға болады. Ескеретін бір жағдай: көктерек зиянды энергияны сорып алғаннан кейін, адамның бойындағыөз энергиясын бойына сіңіруе кіріседі екен. Сонымен бірге ерте кезден-ақ арша ағашының емдік қасиеті қазақ үшін таңсық емес. Оның иісімен ауырған адамды, үйді аластап, тазалайды. Күбіні, етті ыстауға да пайдаланады. Құрғақ жөтелді де емдеу қасиетіне ие.

Ағаштар, қоршаған орта сияқты, ғарыштан үздіксіз энергия аулап, оны бойына сіңіріп, сақтайды. Адам ағашпен сырласқанда, бойында биоэнергетикалық алмасумен, ағашқа сіңген энергия адамның бойына өтіп, ағашымыз өткізгіш дәнекер қызметін атқарады.

Әр адамның өзіне тән ағашы болады екен. Адамға ұнаған ағаш – онымен бір белгісіз байланысы бар ағаш. Бұл ғылыми түрде дәлелденген даусыз нәрсе. Бір ауру дендеп, қиналған жағдайда, көңілің құлазып жабығып, қамыққаныңда, өзің ұнатқан ағаштың саясында тұрып, арқаңды беріп, жауырыныңды тигізіп, сүйеніп, бетіңді беріп құшақтап, бойыңды босатып, энергия сіңіретініңе сенсең, көп өтпей-ақ, көңілің орнына түсіп, жайланып, маужырай жадыраңқы күй кешіп, мейір-шапағатқа бөленесің. Оның бар сыры мен құдіреті – сенің сүйген ағашыңнан бөлінген құпия энергия, өзіңді қинаған ауру мен көңілінңе қаяу түсіріп, кірбің орнатқан жайсыздықтың бәрін алып кетуінде. Энергия алып болған соң, ағашыңа алғыс айтып, ризашылық білдіруді ұмытпаған жөн. (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 196 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: