16:56
#кітапқұмароқырман

Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды? Уақытша өзін ұмыту үшін, өздерінен қашу үшін. Себебі, жақсы ән, жақсы кітап iшкi даусыңды өзіңе естіртпейдi. Олар, құдды, сенi басқаратындай. Сен әннің әуезiне, кітаптың сюжетiне берiлiп кетесің, өз уайымың мен ойларыңнан босап, автормен тілдескендей боласың. Бұл өз тәнiңнен шығып, басқа адамға айналу сияқты нәрсе.

Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан

 

Берлиндік парфюмер кітапты жақсы көретіндер үшін жаңа "paper passion" иісін ойлап тапты. Парфюмнен гүл немесе тәтті иіс емес, жаңа басылып шыққан қағаздың иісі шығады.

 

~ Silentnight компаниясы жүргізген сауалнама көрсеткендей, адамдар телефонда тәулігіне 8 сағат 41 минут өткізеді. Ал ұйқыға 5 сағат 13 минут жұмсайды. Адамдар ұйқыға қарағанда телефонға көп уақытын арнайды. Калифорния университетінің ғалымдары бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады деп мәлімдеді.

Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді. Соның салдарынан адамның ұмытшақыққа, түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі бірнеше есе артады. "Ғаламторда тым ұзақ отыру адамның жадысын толтырып, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды", - дейді нейробиолог дәрігерлер.

 

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары таяуда миға ең қауіпті әрекеттерді атады. Олар:

1. Ыстық тамақ жеу, ыстық өнімді сол күйі тұтыну;

2. Алкоголь өнімдерін тұтыну;

3. Әлеуметтік желіде тәулігіне 5 сағаттан көп отыру;

4. Адамның жұмыссыз болуы;

5. Телефонды қуаты аз кезде пайдалану;

~ Осы әрекеттердің барлығы мидың көлемін кішірейтіп жібереді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: