18:48
#кітапқұмароқырман

Көпшілік кітап оқуда жиі жіберетін қателіктер:

- Адам өзіне керек емес кітапқа көп уақытын өткізіп алуы мүмкін. Сондықтан уақытыңызды бос кітаптарға емес, қажетті кітаптарға жұмсаңыз;

- Рецензияларға сүйеніп, бірден ауыр кітаптан бастайтын кездер болады. Ондайда кітапты бастап алып, артынан сол кітапты, жалпы кітапты қолыңызға алғыңыз келмей қалады. Сол себепті кітап оқуды жеңіл шығармалардан бастаған дұрыс;

- Кітап оқуды үлкен жұмыс көріп, қиындатудың қажеті жоқ. Керісінше оны дағдыға айналдыру керек.

 

"Менің түсінігімде адамзат өркениеті бір құдіретке қарыздар болса, ол алдымен - кітап"

Ақселеу Сейдімбек

 

Исландияда жазушы көп. Елде барлығы 300 000 аса адам тұратын болса, мұнда әр оныншы адам жазумен айналысады. Пайызға шаққанда бұл ел басқаларға қарағанда көп кітап оқитындардың қатарында.

 

"Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман!"

Мағжан Жұмабаев

 

Бірнәрсеге жеткісі келген адам тамақтану тәртібін реттеп алуы керек. Мұны ғұламалар бекер айтпайды. Қалай болса, солай тамақтанып, салмақ қоссақ, бар күшіміз соны қорытуға кетеді. Асқазан түнімен жұмыс істеп, таңертең дұрыс демалмай тұрады, күні бойы сергек жүрмейсіз. Ондай адам потенциалын аша алмайды. Көп адам дамығысы келіп, режим қояды, көп жұмыс істейді. Бірақ тамақтануды реттемесе, еңбегі зая кетеді. Сонымен қатар өзін жетілдірем деген адам бір уақыт көп нәрседен өзін оқшау ұстағаны дұрыс.

Авторы: Қайрат Жолдыбайұлы (islam.kz-ке берген сұқбатынан үзінді)

 

 

Лайфхак: “Қаржылық тәуелсіздікке апаратын жол” атты кітабында Бодо Шефер кітап оқуға байланысты жақсы ұсыныс айтады.

 - «Сіз өзіңіз үлгі тұтатын тұлғамен танысқанда, уақытты бос сөзге жұмсамай, тиімді пайдаланыңыз. Ол кісі оқыған, екі-үш жақсы кітаптардың атын сұраңыз. Келесі қадамыңыз, неліктен осы кітаптарды үздік санайтындығына бағытталсын. Сол арқылы үлгі тұтатын адамнан кеңес аласыз. Әрі, сол кітаптар жайлы ойын білесіз. Бірнеше секундта осы айтылған кітаптарды оқимын ба, жоқ па деген сұрақтарға жауап аласыз».

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 189 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: