21:44 Ең қысқа әңгіме |
* * * Ол мамасына бірінші рет "Сізді жақсы көремін" деді, бірақ қабірінде тұрып...
* * * Кім ақымақ?! Біз ол қызды "ақымақ" дедік. Бірақ оның ішінде қандай аласапыран болғанын сезбедік. Ол кетті мәңгіге, біз жылап қала бердік "ақымақпыз" деп.
* * * Сөзге еру - Мен сені еш жерден таппадым, ал сен мында отырсың?! - Иә, мен осындамын ешқайда кетпедім. - Олар маған... - Сен өзгермепсің! - Түсінбедім. - Сен әлі олардың сөзіне сенесің....
* * * Ержүрек (өзінше) - Мен осы үйдің ер азаматымын! Мен еркекпін! Менің айтқаным заң!! - Мына лампочканы ауыстыратын. - Соны да маған айтасың ба енді, бойың жетеді ғой. ТВ. ПУЛЬТ. ДИВАН. СМАРТФОН.
* * * Жирену Тыржиған қабақ, тарсылдаған ыдыстар, жылаған бала, шашылған үй. Сыртқы есіктің тұтқасын еркек тарта беріп: "Жоқ, жоқ! Жоғыңмен бірге жоғалшы", - деді де ішінен, есікті басып жауып кері кетті. Қайда барарын өзі білмеді.
* * * Сенімсіз сезім - Мен сені келеді деп ойламадым! Біз ғашықтар едік... - Жоқ, сен емес, мен ғашық едім. - Рас айтамын мен сені сүйдім. і- Онда неге білдірмедің?! Қазыр бақыттымысың?! - Жоқ, бақытсыз да емеспін. Ол балаларымның анасы ғой сыйлаймын, бірақ сүйе алмадым. "Сен сондай оңбаған адамсың, ең болмаса ата-анаңды сыйласаңшы. Үйге қайт!" - қыз смс-ты оқып тұрып есін жиғандай болып. - Мен сенің әйеліңнің орнында болсам, балаларыңды мүлде көрсетпей, сенің қиналғаныңды қызықтар едім. Есіңді жи! Қайт үйіңе!! Жолама маған! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |