18:49
Ең қысқа әңгіме

* * *

“Мен бір-ақ күнде 8 кг салмақ тастадым”, - деді тізесінен төмен шорт кесілген аяғын ұстаған жас қыз.

 

* * *

Каспи банк приложениесіне кірген ол, 150000 тг кредитін төледі. “Ай сайынғы төлемді толығымен төлеген жоқсыз” – деген жазу шықты...

 

* * *

— Қал деймін, Ақтөс. Қал, ауладан шықпа! Ит ататындар атып кетіп, сен үшін әкім күтетін жай жоқ.

 

* * *

Шәкірті:

- Өмірде ең жаман нәрсе не ол?

Ұстазы:

- Өмірде ең жаманы ақылды болып ақымақтармен өмір сүрген сол жаман!

 

* * *

Өмірде үш нәрсе қайтып келмейді: атылған оқ, айтылған сөз, ал үшінші автобуста көрген әдемі қыз.

 

* * *

Адамның денесінің мүшелерін мемлекеттермен сипаттасақ қалай болар еді?

 Адамның миы ол Америка барлық нәрсені шығаратын солар, жүрек ол Қытай, еш демалмайды, түнде де жұмыс істейді. Ал Дубай болса бойы, ал Венеция бүйрегі, яғни су айналымы өтеді. Швейцария болса адамның көзі, ең әдемі және келеңсіз жағдайларда адам бірінші болып көзің қорғайтыныңдай, сол сияқты барлық елдер де Швейцарияны қорғайды. Ал Қазақстанды неге теңесек екен? Қазақстанды қолға теңесек болады, қолдан бәрі келеді, (сурет салу, гитарада ойнау) бірақ қол жалқау, жай ғана табылған жұмысты істеп жүре бергісі келеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 91 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: