20:41 Ең қысқа әңгіме |
#211 "Анашым, мен сізді қатты сағындым, сағындым ғой" деп, кәрі жүрегі запыран қайғыға тұнып, үнсіз егіле жылаған кәрі ананың жанайқайын есікті әдеттегідей қатты жапқан қырықтағы есер ұл сезген де жоқ. Кем бір дүние...
#212 Көз алдында бет-аузы қанға боялған баласын ауруханаға апара жатыр... Таңертең баласына ақырып-зекіргені есіне түсті: - Осы сенің аузың неге жабылмайды екен, демалыс күні ұйқы бермедің ғой! - деді де, жұлқынып, телефонды қолына ұстатты. - Я, Аллам, баламның сөйлегенін естігім келеді, - деп, анасының екі көзінен тоқтамай жас ағып жатты. Ойланбай айтылған дұға...
#213 Вирусолог-Политолог-Вирусолог……
#214 Мұғалім: - Жаннұр, әкенің қамқорлығы, әкенің отбасындағы рөлі туралы не айта айтасың? - Мен оны білмеймін. Ол бізді тастап кеткен..
#215 Немерелерінің жарқын болашағы үшін күресемін деп митингке келген қарияны балаларын асырау үшін жұмыс істеп жүрген әскери қызметкер күшпен сүйреп автозакқа жақындай бергенде ғана түрін аңғарды. - Әке?
#216 Бір тамшы жас. "Шыныменде бәрінің біткені ме? Өкініш, қимастық, бір ауыз сөзде айта алмау, дәл бүгін кететінін де білмеген. Қызым кешір мені! Ештеңеге үлгермедім, өлемін деп ойламаппын" деген ойды әкесінің қолынан қатты қысып, құлағына кәлимасын қайталап айтып отырған қызы, оның соңғы шыққан бір тамшы көз жасынан осыны ұқты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |