13:45 Ең қысқа әңгіме |
#181 - Қазір заман не болып бара жатыр, - деді де қалтасынан телефонын шығарып. "Иә, заман өзгерген, видео түсіруден басқа, қолымыздан түк келмейді."
#182 Ақордаға басып кіргендар арасындағы бір жігіттің жанында жарылыс болып, әлгі жараланып, 20 жыл бойы комада жатады. Оянған-дағы сұрағы: – Ауысты ма? – Жоқ.
#183 Бірде ауылға көрші ауылдан екі тәжік әйел ала дорба арқалап нәски сатуға келіпті. Бейшаралардан "сыған" деп, ешкім тауар алмаған. Әбден шөлдеп, біздің үйге келіп: "Далада ішеміз, бір шәйнек шәй мен пиала беріңіздерші ", - деді. Әжем келіп: "Құдайы қонақты дарбазаның алдында шәй ішкізеді дегенді кімнен естідіңдер? Үйге кіріңдер", - деп оларды қонақ қылды.
#184 Қараңғы жерге кіріп, көлеңкемді жоғалтып алдым.
#185 Оқушы мұғалімді шешеден боқтап, ата-анасын шақырды.
#186 ... Өн бойымды сағыныш әбден шырмаған. Бар ойым сіңілімді мауқым басылғанша құшағыма басу. Көрмегеніме бір жылдың жүзі болыпты. Өзім өсірген қызғалдағым, жалғыз ғана бауыр етім еді. Жүзіне қарасаң құдды періште дерсің. Аллам жалғыз жауқазыныма үйіп-төгіп сұлулық бергенінше, неге денін сау қылып бере салмады екен... “Әпке”дейтін бір ауыз сөзіне зармын... баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |