06:33 Ең қысқа әңгіме |
#175 Балалық шақта өскен кезде өмірімді түбегейлі өзгертем деуші едім! Ал қазір бала жүректі аңсаудамын!
#176 Тоғыз жасар бала. Өзі Дионис құдайы секілді спектакль тамашалауда. Ол енді бала емес.
#177 Ол тек темекіні ғана емес, оның зардабын да шекті...
#178 - Мен жазда шетелге барғым келеді, танымал адамдар бар... Ал сен қайда барғың келеді? - Жәннәтқа... - Неге? - Онда әке-шешем бар...
#179 Кеше дәрігерге сыйлығын бермесе, дүние есігін ашар-ашпасы белгісіз еді. Сосын тәуір балабақша, мықты гимназия, жоғары оқу орыны, табысты жұмыс орнына тұру үшін тағы да сыйлық. Өмірдің өзі сый дегенді біз жақсы түсініп алғанбыз...
#180 9-қабаттан жерге қарай үш сәби қалқып келеді. Гүмп..гүмп..гүмп.. Сәлден соң үш періште жеті қат көкке көтеріліп кетті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |