19:10 Ең қысқа әңгіме |
#163 - 4 миллионер досты қайдан тапсам болады, 5-сі болғым келіп еді, - деді жанындағы жолдастарына қарап...
#164 Соғыстың біткеніне қанша year өтсе де адами, рухани wars бітер емес. Human жанының соғысы. Өз-өзімен war. Мың жерден this day қанша қиыншылықпен келгенін біле тұра, ішкі өзінің spiritual күшіне шамасы жетпей, By itself жеңілетіндер қаншама.
#165 Ол қонақ үйге түнгі көбелек шақырып еді, бөлмеге алғашқы махаббаты кіріп келді.
#166 Күле білу - қуаныштың белгісі, ал күлдіре білу - бақыттың.
#167 Жемқорлықты жеңуге арнаған заң жобасын таныстырып жатқан шенеулік сөйлеуге берілген бес минуттан асып кетпеуі үшін 20 мың доллар тұратын сағатына арасында қарайлап тұрды.
#168 - Түнімен ұйықтамадым. Көзім таң ата ілінді. - Таңға дейін не істедің? - Ол балконға шығып ән салды. Мен терезенің түбінде соны тыңдаумен болдым. - Ақымақсың ба? - Ғашықпын. - Оны айтпаймын. - Енді не? - Ол мылқау ғой. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |