12:12 Ең қысқа әңгіме |
#157 Митингіге шыққандарды жамандап жатты 60 теңгеден газ алып тұрған кісі.
#158 Ана құрсағындағы сәби өмірге келуге қатты асықты және өзін жарық дүниеде ата-анасы асыға күтіп алатынына сенді. Ал ата-анасы сәбиге "Ұлболсын" деп ат қойды.
#159 "Менің үйім емес, біздің үйіміз жоқ", – дегенді оқыды ұстаз оқушының шығармасынан.
#160
#161
#162 Кеше әжем: - Бүгінгі дәуірдің аңғал жастары телефонға кіріп кеткені соншалық – кітапты да содан оқиды, - деп ауыр күрсінді. Маған үндеместен стаканына судан құйып, жатын бөлмеге кіріп кетті. Ал бүгін, бір қолыма суды, бір қолыма кітапты алып жатын бөлмеге кірсем, әжемнің бет сүртетін орамалы ғана қалыпты… баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |