20:25
Ең қысқа әңгіме

#103

Неке жүзігін үстел үстіне қойып, “мінезіміз сай келмейді...”, – дейді олар.

Бәлкім.

 

#104

«Уақытым өте тапшыл. Маған өте көп уақыт керек. Мен сендерге уақыт бөле алмаймын. Өмірімді өзгертуге тиіспін» деп инста, тикток, ютуб, телевизордан шықпай жатқандар айтып жүр.

 

#105

Менің уақытымды бақытты етіп, шартарапқа шарлатқан сендік сезім еді. Жанарымнан ұйытқыған тыныштықты қашырып, сормаңдай еттің. Сен менің қонар бағым мен ұшар аспанымды қараңғы еттің.

Қорлан жазған күнделіктің соңғы бетіндегі сөздер осылай мәңгіге жабулы күйі қалды….

 

#106

— Ай мен Күннің әдемілігі неде?

— Басына қандай жағдай тумасын, олар ӨЗ БИІГІНДЕ қалады.

 

#107

-Мен бір рет болсын өз ойымды ашып айтайыншы.

-Аузыңды жап, әкең мас, қазір тағы бәле іздейді! Көзіне көрінбей жоғалып кет!

- Бірақ мама...

-ЖОҒАЛ!

- Өміріміз осы айдаһармен күресумен, қорқумен өтіп кететін болды ғой!

Сыртқа ақырын терезден шығып кетті.

Ал мама әлгі айдаһар тағы қолына түскен затын лақтырып жібереме деп бұрышта аласұрып тұр...

 

#108

Асылбек қой соярда жылап алатын, себебі өзі баққан төлі еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 129 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: