22:34
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Мақтау түрлері

Мақтау немесе сыйақы тек сөзден тұрмайды. Затпен, әрекетпен де жетістігіңді мақтауға, өзіңе сый жасауға болады. Тек ынталандыру мен сыйды шатастырмау керек. Мысалы, «бассейнде 100 метр жүзсем, онда өзіме футболка аламын» десең, бұл – ынталандыру. Себебі жүз метр жүзгенше, футболкаға қол жекізе алмайсың. 98 метр жүзіп шықсаң да, саған сыйлық жоқ. Ал мақтау мен сыйақы бірден беріледі. Мысалы, бүгін бассейнге барып, 80 метр жүздің. Бұл сен үшін ерекше көрсеткіш делік. Бірден өзіңді мақтап жібер. Мақтанудың, өзіңді мақтаудың әдістері көп:

- «Yesss!» деп ауаны жұдырықтау;

- Бас бармағыңды көрсету;

- Айнадан өзіңе сұқ саусағыңды көрсету;

- Өзіңе қанағаттан күйде басыңды бірнеше рет изеу;

- Арыстандай ақыру;

- Қол шапалақтау;

- Саусағыңмен «шық» еткізіп шерту;

- Екі қолыңды аспанға көтеріп, өзіңнің чемпион екеніңді көрсету;

- «Жарайсың!» деп ыржию.

Криштиано Роналдоның гол соққан сайын жасайтын әрекеті есіңде шығар? Елестетіп көрші. Роналдо шебер гол соққан соң, ештеңе істемей, ойын бітіп, үйіне барып, есіктің ауласында секірсе, оның әсері қалай болар еді? Бұндай әрекет оны тағы да гол салуға ынталандырмас еді. Бірақ ешкім олай жасамайды. Әр футболшының өзіндік мақтану әдісі бар. оны секунд кешіктірмей, бірден жасайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: