21:51
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Марапаты жоқ әрекет қайталанбайды

1898 жылы психолог Эдвард Торндайк мысықтарға мынадай қызық тәжірибе жасаған. Оларды жеке-жеке орапқа салады. Мысықтар қорапты бір ғана қарапайым әрекетпен аша алады. Қорап ішіндегі тетікті басса болды, есік ашылып, тәтті тағам күтіп тұрады. Қорапқа салынған мысықтар шығатын жол іздеп, әр нәрсені бір иіскеп көреді. Ары-бері тіміскілеп жүріп, аяғы байқамай тетікке тиіп кетеді де, есік ашылады. Торндайк сырттан тамақ ішкен мысықтарды қорапқа қайта салып отырады. Тәжірибе қайталанған сайын мысықтар тетікті басу керектігін үйрене бастайды. Тетікті басса, марапат берілетінін, яғни сыртқа шығып, тамақ жей алатынын ұқты. 30 рет жүгізілген тәжірибенің басында қораптан шығу 90 секунд уақыт алса, ал соңында 6-ақ секундқа қысқарады. Олар бір істеген қателікті қайталамауға тырысқан.

Торндайк мынадай қорытындыға келеді: «Әрекеттер қайталанған сайын нәтиже жақсарды. Мысықтар қайталауды үйреніп алды. Ал марапаты жоқ әрекетті қайталамады».

Өміріміз негативке толы. Әлеуметтік желіден жаман хабарлар тез тарайды. Айналамызда күн сайын тек жамандық боп жатқандай сезіледі. Әйтпесе, жасалып жатқан жақсылықтар өте көп. Оның кейбірі жасырын жасалады, жария жақсылықтың өзін ешкім әңгіме қып айта бермейді. Бүгін өзіңді қай ісің үшін мақтадың? Он шаруаны аяқтасаң да өзіңді мақтамадың. Есесіне бір істі дұрыс не мүлде істемегнің үшін өзіңді жазғырдың. Содан көңіл-күйің түседі. Ал әрбір сәтті біткен іс үшін өзіңді мадақтап отырсаң, көңіл-күйің көтеріліп, сенімділігің артады. Спортшылар да күн сайынғы жетістігін елеп ескеріп отырады.

Бұл жерде «өзін-өзі мақтаған өгіз ақымақ» деген мақал келмейді. Себебі өзінде жоқ нәрсені мақтаған жан – ақымақ. Ал таза еңбекпен жеткен нәрсені мақтау мида жағымды әсер қалдырады. Осы әсерді қалдырған әрекетті ол танып алады. Мақтау арқылы өзіңді бағалайсың. Ағылшын тілін білмейтін адам бүгін жаңа он сөз жаттаса, мақтауға тұрарлық. Өзіңді мақтау арқылы миды алдап, әдет қалыптастыра аламыз.

Мақтау, сый беру қазіргі уақытта ойын саласында өте нәтижелі қолданылады. Супер марио, Subway Surfers, Candy Crush секілді ойындар әр деңгейден өткен сайын ұпай беру арқылы талайлардың жүрегін жаулап алды. Алғашқы ойы өте оңай. Ары қарай әр жетістік үшін сыңғырлаған тиындардың даусы шығады. Ара-арасында «Супер»» деген мақтау естіліп, экраннан көрсетіледі. Сондықтан қолың босай қалса, бірден сол ойынды ойнауға кірісесің. Өйткені осы ойында сен суперсің, осы ойында сен мақтау естисің, ал бұл саған ұнайды. Candy Crush ойыны 2022 жылы 3,4 миллиард рет жүктелген екен.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: