22:02 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Жетістіктерің үшін өзіңді мақтау Нәтижесінде ләззат сыйлайтын әрекет тағы да қайталанады. Үлкен қызы Сафиназдың алғаш жүруі есте ерекше қалды. Қолымен жер тіреп, орнынан тұрып, столға сүйеніп, қалт-құлт етіп алғаш жүрген кезі олар үшін бақыт еді. Әйелі екі қолын созып: «Келе ғой, келе ғой! Тәй-тәй басқан кішкентай аяқтарыңнан сенің!» деп айналып-толғанып жатса, ол дереу смартфонды қосып, осы бір қысқа бақытты сәтті видеоға түсіріп жатыр. Сафиназ құлай жаздап барып, анасының құшағына еніп кеткенде мақтау сөздер жауды да кетті: «Жарайсың!», «ақылдым сол», «қалай жүргеніңді қарашы, керемет», «үлкен қыз болды деген осы». Осындай мақтауға тойған сәби тағы да жүруге тырысатыны сөзсіз. Оның миы бақыт гормоны – дофамин бөледі, «Жүру деген жақсы екен. Тағы қайталау керек» деген түсінік қалыптастырады. Дәл уақытында айтылған мақтау баланың тағы да жүруіне, тырысуына шабыт береді. Бірнеше рет құлап, қайта-қайта тұру арқылы жүру деген әдет қалыптасады. Бақытты не бақытсыз сәттеріміз эмоция арқылы есте қалады. Бізге ұнаған нәрселердің эмоциясы миға сигнал беріп, әдеттің қалыптасуына түрткі болады. Біз торт жемей тұрып, жеген кездегі ләззатын сезініп қоямыз. Жаңа телефонды алмай тұрып, алған кездегі рахатты сезініп, эмоциямен кредитке алып қоямыз. Бірақ осы эмоцияны өзіміздің пайдамызға жаратудың жолы бар. Ол – сәтті шыққан әр әрекет айын өзіңді мақтап қою, сыйыақы беру. Өзіңді мақтау – кез келген сәтте өзіңді жақсы сезінудің кілті. 1900 жылдары тісін тазалайтын америкалықтар өте аз болатын. Пепсодент тіс пастасының маркетингімен айналысқан Клод Хопкинс тұтынушылар үшін екі мәселені шешуге тырысады: ынталандыру және сыйақы. Ынталандыру ретінде лас тістің суретін көрсетті. Сыйақы ретінде тап-таза тісі көрініп, күліп тұрған адамның суретін көрсетті. Адамдар бұл өнімді таласып ала бастады. Бірақ тіс тазалайтындардың саны айтарлықтай көбеймеді. Ол үшін оны күнделікті әдетке айналдыру қажет еді. Және олар тапты да. Пастаның құрамына ауыз қуысын шымшылап, сәл ашытатын қоспа қосады. Енді тіс жуып болғанда ауызда жағымды ащы сезім пайда болады. Бұл эффект тұтынушылардың санасына мықтап енді. Егер адам бір күн тіс жумаса, жағымды ащы сезімді іздейтін болды. Сөйтіп арада он жыл өткенде тіс тазалайтындардың саны 7%-дан 65%-ға өсті. Жаңа әдетті қалыптастыру үшін әрбір әрекетті жасаған сайын өзін мақтап отырған адамдар нәтижеге тез жетеді. Олар өзін мақтау үшін әрекетті тағы бір рет қайталауға дайын. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
