22:23 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Әрекетті ұнату Біз ұнатқан нәрсемізді ғана әдетке айналдырамыз. Бізге ләззат алған ұнайды, сол үшін балмұздақ жеуді жақсы көреміз. Тауықтың ащы қанаттары мен фри картобын жеуді жанымыз сүйеді. Әркім әр нәрсені ұнатуы мүмкін: әйелді, сұлулықты, энергетикалық сусындарды, ішімдікті, көлікті, спортты, боянуды, мақтауды, мақтануды, тырнағын тістелеуді. Соны ұнатқаны үшін бұл әрекеттер әдетке айналды. Ұнамаған нәрселердің әдетке айналуы екіталай. Брокколи жеуді әдетке айналдырған адамды көріп пе едің? Жоқ. Себебі оның ащы дәмі бәріне бірдей ұнай бермейді. Ұнатуымыз үшін дофамин бөлінуге тиіс. Ал дофамин түрлі жағдайда бөлінеді. Мысалы, құмар ойынға ақша тігетін адам алғаш ұтқан кезінде үлкен мөлшерде дофамин бөлінеді. Ал келесіде ойнамай тұрып-ақ дофамин бөлінеді, себебі қазір бәске ақша тігетінін біліп тұр. Яғни, ұтыстан дәмеленген сайын гормон бөліне береді. Мұндайда қазақтың «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген сөзі дәлме-дәл келеді. «Қазір келін келеді» деген оймен бәрі алып-ұшқан сезімде жүреді. Біз қалыптастырғымыз келген әдетті барлық кезде ұната бермеуіміз мүмкін. Мысалы, күн сайын 30 минут спорттық жаттығу жасау екінің біріне ұнамайды. Ендеше осы әдетке бұрыннан ұнататын әдетті қосу керек. Мысалы, жаттығу залында жүгіру оған ұнамайды. Іші пысып кетеді. Сондайда футболдың қысқаша видеоларын көреді. Себебі ол ұнайды. Пайдалы іс пен ұнамды істі байланыстыру арқылы әдетті ұнамды етті. Қазір футбол көрсе, жүгіргісі кеп тұрады. Ұнамды әдет пайдалы әдетті еске салып тұр. Телефонда қажетсіз сурет пен видеоларды өшіруге ерінесің. Ұнамсыз әдет. Бірақ аяғыңа массаж жасап жатқанда атқаруға болады. Себебі екі қолың бос әрі олар бос тұрғанды ақтырмайды. Осылайша ұнамды іс пен пайдалы істі қатар атқарып тастадың. Негізі бұл әдістің «Премак принципі» деген атауы бар. ережесі мынадай: «Орындалу ықтималдығы жоғары әрекет орындалмауы мүмкін әрекетке бастайды». Әдеттерді таңу әдісі де осыған ұқсайды. Сүйекке міңген әдеттен соң ол пайдалы әрі ұнамсыз әдетті істейді. Пайдалы әрі ұнамсыз әдеттен соң ол ұнамды әдетті істейді. Мысалы, түскі ас ішіп болғасын ауладағы турникке барады. 10 рет тартылған соң, музыка тыңдайды. Немесе тик-ток қарағың келді дедік. Ол үшін алдымен оның ақысын беру керек. Ал оның ақысы – ағылшын тілінен 5 сөз жаттау. Кешкі асты ішіп болғасын 5 сөзді жаттайды. Сөздік жаттап болғасын тик-ток қарайды. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
