23:07 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Жағымсыз белгіден жағымды нәтиже шығару Айналамызда жүйкемізді жұқартатын нәрселер көп. Әсіресе, қалалық жерде тұратын адам үшін тітіркендіретін тікенектер жетіп артылады. «Егер өмір саған ащы лимон берсе, одан лимонад жаса» деген қағидаға сай, жағымсыз белгіні де пайдаға асыру керек. Эми есімді әйел күйеуінен көп теперіш көрген. Күйеуі әр мүмкіндік туған сайын ащы мысқылмен әйелін түйреп өтуді әдетке айналдырған екен. Ондай жағымсыз сөзді естіген сайын Эмидің көңіл-күйі түседі. Оған жауап қайтарсаң да, бәрібір күйеуі өзгеретін сыңай танытпайды. сөйтіп Эми мынадай әдетті қалыптастыруға кіріседі. күйеуінен жағымсыз сөз естіген сайын өзін қуантатын бір іс жасайды. бірде шоколад жейді, бірде көптен көре алмай жүрген киносын көреді, кейде көңілді кітап оқиды, ойын ойнайды, мұражайға барып келеді, т.б. Күйеуі әдеттегідей ащы запыранын төккелі жатқанда, Эми "о, қ«ндай жақсы болды. Көңіл көтеретін бір істің сәті кеп тұрған сияқты» деп қуана бастайды. Осылай жасау арқылы Эми күйеуінен туындайтын барлық негативтен арылады. Көңіл көтеретін әрекеттері бірте-бірте пайдалы істерге ауыса бастайды. Бүкіл негативтен келетін энергияны жаңа қабілеттер үйренуге жұмсайды. Өмір сүру сапасы өзгереді. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
