22:47
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Шешуші сәттер

Аптасына үш рет кешке 20:00-де жаттығу залына барады. Жұмыстан келіп, кешкі ас ішкен соң, тамақ буынға түсіп, ұйқың келеді немесе ештеңе істемей смартфон қарап, диванда жатқың келеді. жаттығу залына барғың келмей тұрады. Сонда ол атып тұрып рюкзакқа спорттық киімдерін жинай бастайды. Жаттығу туралы ойламайды. Рюкзак толса болды, үйден шығып кетеді. Ол үшін жаттығу залына баруға шешуші сәт – рюкзакты толтыру. Егер бір километр жерге жаяу барып, жаттығу жасап, бокс қапшығын ұрып, бассейнге түсіп, қайтадан бір километр жаяу қайтуды ойласа, ми қарсыласар еді. Ал рюкзак толтыру оңай.

«Атом әдеттер» кітабында Твайла Тарп есімді биші әйелдің оқиғасын айтады. Ол күн сайын таңғы 5:30-да оянып, жаттығу киімдерін киеді. Көшеге шығып, би залына дейін такси ұстайды. Сонда екі сағат спортпен шұғылданады. Твайланың шешуші сәті – такси ұстау. Оған дейін жаттығу жасау туралы мүлдем ойланбайды. Такси шақырып қойған соң, жаттығудан қалу, кейінге қалдыру деген әдеттен аулақ болады. Бұл әйел осы қарапайым әдеттің арқасында әлемге танымал бишіге айналған.

Шешуші сәт біздің өмірімізде көп орын алады. Ол өзі аз ғана уақытта пайда болып, ары қарай ұзақ мерзімге созылады. Таңда оянғанда «ұйықтасам ба екен әлде кітап оқысам ба?» деп ойланған боларсың. Қайсысын бір минутқа істесең, сол ары қарай созылады. Кішкене жата тұрайын десең, екі сағат ұйқыға кетесің. Кішкене кітап оқиын десең, 40-50 бет оқып тастайсың.

Кешке жақын «тамақ дайындасам ба екен әлде бургер ала салайын ба?» деп көп адам ойланады. Кім бірден картоп арши бастаса немесе етті мұздатқыштан шығарса, онда ары қарай бір сағат бойы дәмді, пайдалы ас дайындайды. Ал кім смартфонын ашып, фастфуд жеткізетін компанияның бағдарламасын ашса, онда осы кеште пайдасынан гөрі зияны басым әрі ақша тұратын бургерге тапсырыс береді. Қарап отырсаң, небары бір минуттың теке-тіресі шешіп кетіп жатыр.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 1 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: