08:45
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Мотивациялық рәсім

Адамды қобалжытатын кездер бар. мысалы, көпшіліктің алдына шығып сөйлерде; спорттық жарысқа шыққанда. Немесе көңіл-күй түсіп кететін сәттер бар. ондайда мотивациялық рәсім ойлап табу керек. Мысалы, жүзуден Олимпиада ойындарының 23 дүркін чемпионы Майкл Фелпс жарысқа шығар алдында жеңіске жетелейтін, осндай атмосфера тудыратын музыка тыңдайды.

Кейбір жазушылар жазу барысында ешкім мазаламасын деп, назарды бұзбайтын музыка тыңдау үшін құлаққап киіп алады. Сол арқылы бүкіл фокусы жазуға ғана ауады. Бірнеше айлар бойы бұл әрекет қайталанып, әдетке айналады. Кейіннен музыка тыңдамай-ақ құлаққап кисе болды, бірдн жазуға шабыттандыратын режимге өтеді.

Кез келген оратордың өзі сахнаға шығар алдында қобалжиды. Сондайда «иә, мен толқып тұрмын, себебі қанға адреналин өлініп жатыр. Бәрі жақсы болады» деп, өзінің сол сәттегі күйін баяндайды. Сезімдерін мойындайды.

Сені бақытты етер істер бар екенін білемін: футбол ойнағанда, балмұздақ жегенде, жаттығу залынан кейін душқа түскенде, шаңғымен төмен қарай зулағанда, тауықтың ащы қанаттарын жегенде, достармен тауға шыққанда, балық аулағанда, т.б. Осылардың әрбірін бастан өткерген сайын үш рет терең демалып, күлімдеп көр. Мұны жиі қайтала. Әбден әдетке айналдыр. Содан бір күні жұмыста отырып, көңіл-күйің түсіп кетсе, дереу үш рет демалып, күлімде. Дереу бақытты сәттегі көңіл-күй орнайды. Өзіңді бақытты сезінесің.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: