17:22 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ 3-қадам: Елестету Қазіргі әрекетіңнің салдары болашақта көрінеді. Дәл қазіргі жағдайыңа осыдан бір жыл бұрынғы әдеттерің әсер етті. Елестетіп көрші: бір жылдан соң жағдайың қалай болмақ? Бес жылдан соң ше? Он жылдан кейін ше? Жиырма жылдан соң күйің не болмақ? Еңсесі тік, денсаулығы мығым, басында зәулім үйі бар, астында жүйрік бар, бала-шағасы, сүйікті жары бар, бір мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен, халыққа пайдасын тигізуден рақаттанатын, әлемнің ғажайып жерлеріне саяхаттайтын, зиялы қауымның ортасында жүретін, бірнеше тілде еркін сайрайтын адам болғың келе ме? Әрине, болғың келеді. оған жету үшін не істеу керек? Ондай адамның образы, сипаты, әдеттері қандай? Болашақтағы бейнең қазіргі халіңе мотивация береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
