18:02
Әдет әдептері

МОТИВАЦИЯҒА СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ

Әрекетті бір құрауышы ретінде мотивация болып табылады. Әдеті қалыптастыруда мотивация негізгі рөл атқармайды. Ол тұрақсыз. Үй жөндеуде, спортпен айналысуда, арықтауда, бизнес ашуда, жұмыс іздеуде, т.б. осы сияқты күрделі процестерде мотивация жұмыс істемейді. Мотивация үш түрлі боп келеді.

  1. Мотивация адамның өзінен туындайды. Мысалы, сұлу боп көрінгіміз келеді. біреуі таңғалдырғымыз келеді. жігіт өзін менсінбей кеткен қыздан жеткен жетістігі арқылы кек алғысы келеді.
  2. Мотивация жазалау немесе сый ретінде келеді. мысалы, көліктің айыппұлын бірден төлесең, жарты бағасын төлейсің. Кешіктірсең, толық бағасын төлейсің. Тіптен төлемей кетсең, жазаға ұшырайсың.
  3. Мотивация сыртқы ортадан келеді. мысалы, қайырымдылық шарасына барғанда жүргізуші әртүрлі оқиғалар айтып, презентация жасап, көбірек садақа беруге әсер етеді.

Сол үшін мотивация ұрып тұрғанда шешім қабылдап қоюдан абай болу керек. Жыл сайын жүз миллиондаған адам онлайн курстарға жазылады. Олардың тек 10%-ы ғана соңына дейін оқиды екен. Оларды курстан жоғалтатын ақшалары да жөнге салмайды.

Мотивацияны қалай жеңеміз? Ол үшін «қалай?» деген сұраққа жауап беру керек. Мысалы, жазғы маусымда жағажайға бару үшін 15 кг арықтауға мотивация ұрып тұр. Енді оған «қалай?» жетеміз? Мысалы, тамақ рационына көкөніс қосу, тоңазытқыштың ішіне пайдалы тағамдар толтырып қою, қанты көп тағамның орнына қанты аз тағам тұтыну, газдалған судың орнына таза су ішу, фастфуд жейтін отырыстарға бармау, 15 минут жаяу жүру, т.б.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 1 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: