16:18 Әдет әдептері |
ӘРЕКЕТ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ? Әрбір әрекет мына үш бөліктің түйіскен кезінде орындалады: мотивация + қабілет + белгі. Мұндағы мотивация – бір істі орындауды қалау. Қабілет – істі орындай алу қабілеті. Белгі – әрекетті орындауға сигнал. Мысал келтірейік. Әлеуметтік желіде отырғанда үйі өртенген отбасына көмек ретінде қайырымдылық жасау туралы жазба шықты. Ойланбай ақша аударып жіберді. Әрекет: үйі өртенген отбасына қайырымдылыққа ақша аудару. Мотивация: қиындыққа душар болған отбасына көмектескісі келді. Қабілет: ақша аудара алады. Белгі: пост не сурет оған сигнал ретінде жеткілікті болды. Үш элемент бір нүктеде түйіскен кезде ол әрекетті орындады: ақша аударды. Егер осы үш элементтің біреуі болмаса, әрекет орындалмас еді, ақша аударылмас еді. Мұқтаж жандарға көмектесудің сауабын, жақсы іс екенін білмесем, оларға ақша аударуға сотивация оянбас еді. Тіпті одан қайырымдылыққа тек қағаз ақша сұраса, бүкіл қаржысын банк қосымшасында ұстайтын ол үшін қиын болар еді, яғни қабілеті шектеліп, мүмкіндік болмайды. Белгі болмаса, анау жазбаны көрмесе, ақша аудару мүлдем ойына келмеуі мүмкін. Жақсы әрекет те, жаман әрекет те осы үш элементтен құралады. Әрекет: жатарда телефон қарау. Мотивация: кім не жазды екен деп немесе қызықты нәрсе көргің келуі. Қабілет: телефонды ашып, интернетін қоса аласың. Белгі: телефоның тура жастықтың жанында тұр. Тіпті бұл әрекет жиі орындала берсе, жастықтың өзі телефонды қолдануға сигнал береді. Тағы бір мысал: Кэти есімді қыз таңертең жаттығу жасаймын деп өзіне уәде берген. Сөйтіп телефонның оятқышын таңғы 5:30-ға қояды. Бірақ таңда мүлде жаттығу жасамайды, есесіне төсекте әлеуметтік желі қарау деген жаман әдет тауып алады. Оның себебі: таңда оятқыш оцнағанда өшіру үшін Кэти телефонды қолына алады. Төсекте жатқан күйі әлеуметтік желіге кіреді. Бір видеоның артынан бір видео көріп отырғанда, жұмысқа кетітін уақыт болады. Осы әрекет жиі оындалған сайын жаман әдет қалыптасады. Телефонның оятқышы күн сайын таңғы 5:30-да «әлеуметтік желіге кір» деп сигнал береді. Кэти бұл әдеттен арылу үшін әрекеттің бір ғана элементін өзгертсе, жетіп жатыр. Ол телефонды асханада қалдырып, төсектің жанына ескі оятқыш сағат әкеп қойды. Енді таңда жанында телефон жоқ. Оятқышты сөндіріп орнынан тұрады. Еліктіріп әрекетін телефон болмағасын, таңғы жаттығуды да жасап бастады.
Жаттығу №1: Жаман әдеттен арылу
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
