23:05
Әдет әдептері

ҰСАҚ БОЛҒАН САЙЫН – ҚАУІПСІЗ

Спортпен айналысам деп уәде берген адам әдетте тренажер залына жазылады. Оған бару үшін үйде спортқа арналған заттарыңды жинау керек, залға дейін кемінде 15 минут жүріп бару керек. Кемінде бір сағат темір көтеріп, жаныңды қинайсың. Келесі жолы залға бару керек кезде рептильді ми шулап қоя береді. Себеб жаттығудың қандай екенін көрді, бару-қайтуды есептеді, оған денеңнің ауырғанын қос. Осылай бір айлық абонемент күйіп кетеді. Байқасаң, фитнес залдары Жаңа жыл кезінде бір жылдық абонемент сатады. Себебі біз жаңа жылда жақсырақ боламыз деп өзімізге уәде береміз. Сондай сезімге балқып отырып әлгіндей акцияларға ұрынып қаламыз.

Ал ұсақ әдеттер байқалмайды. Оны жасау да оңай. Оны жасауға ешкім кедергі келтірмейді. Ұсақ нәрседе жолың болмауы мүмкін емес. Фитнес залына бармай-ақ, дәретханадан шыққан сайын 10 рет отырып тұру әдетін қалыптастыр. Небары 10 секунд уақыт кетеді. Орындау оңай, орынға мұқтаждық жоқ.

Биджей Фогг Джуни есімді әйелдің оқиғасын келтіреді. Ол қантқа тәуелді екен. Артық салмақ қосып алған. Қанша рет диета ұстап, өзін тәртіпке салса да, оның күші 2 күннен артық ұзамаған. Салмақ артқан сайын арта берген. Кейін ұсақ әдеттердің күші туралы білген соң, өмірінде ұсақ өзерістерді бастайды. Әдеттегі мотиваторлар артық салмағы бар адамдарға қанты бар тағамның орнына шпинат немесе қырыққабат, брокколи жегізеді. Ал Джуни болса қанты көп тағамның орнына қанты аз тағамдар жеп бастайды. Бұл шешіміне ми қарсы шықпайды. Сосын ол қантты тағамдарға мұңайған кезінде қол созатынын байқайды. Содан бастап мұңайған сәттерінде бірден күнделікке сезімдерін түсірумен айналысады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: