18:48
Құдайтану баяны

ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ

Христиандық біртіндеп платондық идеялар билеген салаларға жақындап келе жатты. Кейінірек христиан ойшылдары өздерінің діни әсерлерін түсіндіруге әрекет жасаған кезде, плотин мен оның пұтқа табынушы ізбасарларының неоплатондық ойларына жүгінулері табиғи болып көрінді. Көзі ашықтық ұғымы тұлғасыз, адами катеориялардан тысқары болса да, адам табиғатына жақын болу – Плотин білім алуды армандаған – Үндістандағы индуистік және буддистік мектептердің түсініктеріне жақын болды. Осылайша, үстірт айырмашылықтарға қарамастан, ақиқат туралы монотеистік түсініктер басқа философиялармен терең туыстық байланыста болды. Адамдар Абсолют туралы ойланбайтын тұста, міндетті түрде ұқсас қорытындылар мен толғаныстарға келетін сияқты. Қатысу сезімі, экстаз бен Ақиқатқа деген құрмет – нирвана, Бір не Құдай болсын – бұлар адамдар мәңгі ұмтылатын ақыл мен қабылдаудың табиғи халдері.

Кейбір христиандар грек әлемімен тату-тәтті болғысы келсе, басқалары, керісінше, олармен еш байланысқа бармады. Қуғын кезеңінің басталуын білдірген 170 жылдан кейін, Фригияда (қазіргі түркия аумағы) Монтан атты өзін Құдай аватарымын дейтін біреу пайда болды. «Мен – адамға енген Аса Құдіретті Құдаймын, - деді ол. – Мен Әке, Ұл және Оның серіктері Присцила мен Максимилланың Шапағатшысы жоғары лауазымына лайық болдым». Монтаизм ұстамсыз, аплкалиптік сенім болды және Құдайдың қорқынышты портретін бейнеледі. Оның жолын қуушылар дүниеден бас тартып, қатал тақуалықта өмір сүру ғана емес, Құдайға апарар жалғыз жол – ауыр азаптар екеніне сенді. Сенім үшін азапты өлім – Мессияның екінші келуін жақындатуы тиіс болды. Азапталушылар зұлымдық күштермен күресетін Құдайдың әскерлері еді. Бұл қатал ілім христиандардың бойында ұйықтап жатқан экстремизмді оятты: монтаизм, өрт сияқты Фригия, Фракия, Сирия мен Галлияны жылдам шарпыды.

Ол әсіресе Солтүстік Африкада берік орнықты, бұл жерде бұрыннан адам құрбандығын талап ететін құдайларға үйреніскен болатын. сонымен қатар алғаш туған сәбилерді құрбандыққа шалатын ваал культіне император тек ІІ ғасырда тыйым сала алған еді. Көп кешікпей монтаизм бүлігі – Рим шіркеуінің жетекші теологі болған Тертуллиан сынды танымал ойшылдарды да еліктіре бастайды. Шығыста Климент пен Ориген бейбітшілікті, Құдайға қуана қайтуды насихаттаса, Батыс Шіркеуінің қорқынышты Құдайы үшін құтқарылудың құны тек азапты өлім болды. Сол дәуірлерде христиандық Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкада үстемдік ету үшін күресті, бастапқыда-ақ онда қаталдық пен шектен шығушылыққа деген бейімділік көрініс бере бастайды.

Дәл сол уақытта Шығыста христиандық жылдам тарала отырып, 235 жылы Рим империясының үстем дініне айналады. Христиандар біртұтас сенім қағидасы бар, яғни шектен шықпайтын және теріс қылықтарсыз Ғаламдық Шіркеу турасында жиі айта бастайды. Ортодоксалды теологтер гностиктердің, маркиониттер мен монтаниттердің пессимистік дүниетанымдарын түбірімен жойып, орта жолды таңдады. Христиандық қалалық дінге айналып, мистерийлер культінен де, біржақты тақуалықтан да бас тартты. Көбінесе өзіне грек-рим әлеміне түсінікті дін принциптерін жасауға қабілетті, жоғары білімді адамдарды баурады. Жаңа дін әйелдерге де үн қатты: киелі кітаптарда айтылғандай, Мәсіх еркек те, әйел де болмаған, ерлер әйелдеріне, Мәсіх Шіркеуге қалай қамқор болса, солай жәрдем көрсетулеріне үндеді. Басқаша айтар болсақ, христиандық кезінде иудаизмді қызықты етіп көрсеткен артықшылықтарға ие бола бастады. Оның үстіне, сүндеттелуді немесе Бөтен Заңға бағынуды талап етпеді. Шіркеу бекіткен қайырымдылық және мейірімділік жүйесі, христиандар арасындағы бауырлас жақындастық пұтқа табынушыларға ерекше әсер етті. Көп жылғы сыртқы қуғындаулар мен ішкі жікке бөлінушілікпен күрес, Шіркеуді өз империясының құрылымын миниатюрада қайталаған әрекетшіл институтқа айналдырды. Ол да ұлтаралық, құрылтай, халықаралық және экуменді сипатта болып, тәжірибелі лауазым иелері басқарады.

Мұндай шіркеу тұрақты қуаты бар күшке айналды да, ақырында өз қатарына император Константинді тартты. Ол 312 жылы Милвий көпірі маңындағы шайқастан кейін жаңа дінді қабылдайды. Ал келесі жылы оны заңдастырады. Осыдан бастап христиандарға мүлікке иелік етуге, ашық ғибадат жасауға және қоғамдық өмірге тең құқылы түрде араласуға рұқсат етілді. Пұтқа табынушылық екі ғасырға жуық шарықтап тұрғанмен, христиандық империяның мемлекеттік діні пайда болды. Жаңа дін уәде еткен материалдық игіліктер, оған кірушілердің санын көбейтті. Көп ұзамай әуелде жеккөрінішті секта болып басталған, сабырлыққа шақырған байырғы шіркеу баршадан өз заңдары мен көзқарастарын мойындауды талап етті. Христиан діні жеңісінің себептері анықталмай келеді. Оның Рим империясының көмегінсіз табысқа жетуінің мүлде мүмкін емесі белгілі. Бірақ бұл жағдай да барлық сұрақтарға жауап табуға жол ашпай отыр. Христиан діні үнемі бақытсыздықтарға душар болатын, оны табысты деп айту қиын еді. Көп кешіктірмей шешуді қажет еткен мәселе Құдай доктринасы болды. Константиннің шіркеуді сыртқы қатерден құтқарғаны сол-ақ еді, енді оның ішінде христиандарды бірқатар ымыраға келмейтін шептерге бөліп тастаған жаңа қауіп ірге тепті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: