11:16
ҰБТ жолында

ТЕЗ ЖАТТАУДЫҢ 10 ТӘСІЛІ

5. Жауапсыз жаттау тәсілі

Бұл әдісті ағылшын тілі курсына қатысып жүрген кезінде үйренген еді. Гуманитарлық пәндерден дайындалған кезде, оқушыларға көп пайдасы тиеді.

Жаттағың келген сөздерді, жылдарды осылай параққа немесе стикерге жазып аласың. 10 ақпараттан аспағаны дұрыс. Бос отырғанда, аялдамада тұрғанда, қолыңды қалтаға сала қалған кезіңде, әлгі қағаз еске түседі. Мына жылы не болып еді? Мына сөздің аудармасы қалай еді?... Миға сұрақтар «жауа» бастайды. Оның жауабын білгенге дейін, саған тыныштық жоқ және барлығын есіңе түсіргенде, сенде кее-ре-мет сезім пайда болады. Ол – тағы да көп сұрақ жаттауға мотивация.

 

6. Кері жаттау тәсілі

Жапон халқында «кері жаттау» деген керемет тәсіл бар. Бұл тәсіл бойынша жаттағың келген сұрақты, формуланы алдымен тура, сосын керісінше жаттасаң, жаттаған мәліметті ешқашан ұмытпайтын боласың.

Мысалы:

Абайдың әжесі кім – зере

Зере кімнің әжесі – Абайдың.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: