14:30
ҰБТ жолында

ТЕЗ ЖАТТАУДЫҢ 10 ТӘСІЛІ

1. Стикер тәсілі

Жаттағың келген тарихи даталарды, көп шатасатын формуланы, өзің көп қарайтын жерге стикерге жазып, іліп қойсаң, әр көрген сайын есіңде қалып, жатталып қалатын болады.

Жапсыруға болатын жерлер: есік, терезе, айна, шкаф, төсектің басы т.б.

 

2. Тестті қайталап шешу тәсілі

Бұл тәсілді оқушылармен тарих жаттау кезінде қолданып, күніне 1000 сұраққа дейін жаттаған.

Алгоритм:

  1. Жаттағың келген пәннен 50, 100 нұсқалық тестті ал.
  2. Жауаптарын кітапшаға емес (ол таза күйінде қалсын), басқа параққа белгіле.
  3. Тез-тез 5 немесе 10 нұсқа жазып таста.
  4. 10 нұсқа жазып болғаннан кейін, қайта басынан бастап дәл сол 10 нұсқаны орында (есіңде ме, кітапша таза күйінде қалсын деп дік қой(. Басында аз аласың, қайталап жазғаныңда, ақырындап көп ала бастайсың (14, 17, 19, соңында 20/20). Сөйтіп қашан барлығына 100% дұрыс бергенге дейін, сол 10 нұсқаны қайталай бересің. Барлығына дұрыс жауап бергеннен кейін, келесі 10 нұсқаға өтесің. Бұл өте жеңіл және «жұмыс істейтін» әдіс.

Ақтөбеде жұмыс жасап жүрген уақытында, оларға бір айлық дайындыққа ауданнан оқушылар келетін. Біздің мақсат – бір айда жоғары көрсеткіш көрсету. Сол уақытта оқушыларына осы тәсілді қолданды және тарихтан 4-5 алып жүрген оқушылары бір аптаның ішінде 18-20 алатын болды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: