12:42
ҰБТ жолында

ҰЙҚЫ

Оқушылардың арасында ұйқыға байланысты әртүрлі көзқарас бар. Көбісі, шыны керек, қайсысы дұрыс екенін білмейді де.

Ұйқы есте сақтау қабілетіне және мидың жақсы жұмыс істеуіне қатты әсер етеді.

Ал олай болса, сапалы ұйқы қандай болады?

 

Тұрақты

Өмірде күніне 2-3 сағат қана ұйықтайтын да, 12-15 сағат ұйықтайтын адамдар да бар. Бірақ екеуінің де ұйқысы қанады. Бұл жерде маңызды фактор – ұйқының тұрақтылығы. Университетте оқып жүрген уақытында сессияға дайындалған кезінде, 2 аптадай күніне 4-5 сағат қана ұйықтап жүрді. Басында қиын болды, бірақ біраз уақыттан кейін қараса, сол аз ғана уақытта да ұйқысының қанғанын байқады. Ескерте кететін нәрсе бар: күнде әртүрлі уақытта ұйықтауға болмайды. Бір күні 22:00-де ұйықтап, келесі күні 00:00-де ұйықтасаң, ұйқың ешқашан қанбайды. 02:00-де ұйықтасаң да, күнделікті сол уақытта ұйықтау керек. Кеш ұйықтауды ұсынып отырған жоқ, ол тұрақтылықты меңзеді.

Ұйқыға ең қолайлы уақыт 22:00-02:00 арасы екенін алымдар дәлелдеп тастаған, оған талас жоқ. Оқушы организмінің өсу кезеңі болғандықтан, оқушылар үшін үшін 6-8 сағат ұйықтау өте пайдалы. Одан көп те, аз да болмағаны дұрыс. Кей денсаулығы әлсіздеу балалардың көбірек ұйықтағаны абзалырақ, әрине.

 

Беймезгіл уақыт

«Беймезгіл уақыт» - қазақта ежелден бар ұйғым. Бұрында ата-әжелеріміз: «Апақ-сапақ уақытта ұйықтама, күн батып бара жатқанда ұйықтама», - деп айтатын еді, бірақ себебін түсінбейтінбіз. Негізінде, оның ғылыми себебі бар екен. Күн енді шығып бара жатқанда, тура төбеге келгенде және батып бара жатқанда (40 минут шамасында) күннен бөлінетін электромагниттік сәулелердің ағыны өте көп болады екен және осы уақытта ұйықтайтын болсақ, 2-3 сағат ұйықтасақ та, 2-3 минут қана ұйықтағандай әсер алады екенбіз. Сол үшін осы уақытта ұйықтамағаның дұрыс.

 

Дұрыс уақыт

Түн үшін 22.00-02.00 аралығы. «Қалған уақытта ұйықтама» деген сөз емес, ұйқың осы уақытта болса, ол өте сапалы болады.

Күндіз үшін 14.00-17.00 аралығы. Бұл мезгілде 20 минут ұйықтасаң да, 2 сағат ұйықтағандай әсер аласың.

Финляндия елінде компаниялар жұмысшыларының жұмыс өнімділігін арттыру үшін, түскі уақытта арнайы тәртіппен ұйықтатып алады екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: